Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Есімі елдің есінде

Есімі елдің есінде

«Ердікүшіменсынама, ісіменсына» дегентәмсілеңбегіменеленгенжандарөміріненхабардарететіндей. Осындай өнегелі өміріне ұстаздық ұлағатты мұрат
еткен ардақты азаматтың бірі – Бақытғани Сәтбаев.
1937 жылы дүние есігін ашқан перзентке лайықты ат таңдаудың да өз сыры бар. Сол жылдың наурыз айында сүйінші хабарға көңілі жарыған әке алып-ұшып ауылнай кеңсесіне жетеді.
 – Балаңыздың атын кім деп жазайық? – дегенде әкесі:
 – Бақыттығани, – деп жауап береді. Хатшы қыз алдындағы жорналға бір, Жұмабайға бір қарайды.
Теміржолдың жай жұмысшысы демесең, көзі ашық, көкірегі ояу Жұмабай орысшаға да сауатты еді. Жоғары білім алмаса да, жұмысында абыройға бөленіп, озат теміржолшылардың бірі атанды. Мәскеудегі теміржолшылар съездеріне талай делегат болып қатысқан. Хатшы қыздың таңданысын түсінген ол сөзін сабақтап:
– Қарағым, перзентіне жақсы ат қою – ата-ананың міндеті. Бұл есімде ерекше сыр бар. Ендеше тыңда, Ғани – белгілі қоғам қайраткері, Қазақстан комсомолының негізін қалаушы, менің тұстасым, жерлесіміз Мұратбаевтың аты. Ал Қаныш Сәтбаевтың азан шақырып қойған аты – Ғабдулғани болған. Ғабдул – бақыт, бақ дегенді білдіреді. Анасы бала кезінде оны Ғаныш деп еркелеткен. Үшіншіден, «ғани» сөзінің арабшадан аударғандағы мағынасы – ықылас-ниетті, бай дегенді береді. Осы себептермен мен ұлыма Бақыттығани деген ат қоймақпын, – депті.
Әкенің перзентіне деген алғаусыз пейілін тағдыр қабыл етіпті. Өмір бойы осынау ардақты үмітті желкен еткен Бақытғани үшін сенімді серпін, болашаққа батыл қадам басуға ерекше есімге лайық болу да көп әсерін тигізеді.
1956 жылы №67 теміржол қазақ орта мектебін бітірген түлек Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтына түсіп, 1961 жылы жаратылыстану факультетін бітіреді. 1961 жылы еңбек жолын №420 мектептің химия пәнінің мұғалімі болып бастаған жас 1967-1969 жылдары аудандық партия комитетінің нұсқаушысы қызметін атқарады. 1969-1973 жылдары №420 (қазіргі Жанқожа батыр атындағы №70) мектеп директорының оқу тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болса, 1973-1977 жылдары 421 (қазіргі №204) мектептің директоры, 1977 жылдан 2006 жылдың қыркүйек айына дейін Жанқожа батыр атындағы №70 мектеп директоры қызметін абыроймен атқарады.
Орынбор уезі кезінде негізі қалаған оқу ордасының тізгінін ұстау оңай шаруа емес. Оның үстіне «Темір жолда – темір тәртіп» ұстанымы бұл оқу ордасына да ортақ еді.
Бақытғани Жұмабайұлының еңбектері бағаланып, КСРО және Қазақстан білім беру ісінің үздігі, Құрметті теміржолшы, Қазалы ауданының құрметті азаматы атағын алған. «В.И.Лениннің туғанына 100 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» мерекелік және «Еңбек ардагері» медалі, Көлік министрлігі және облыстық Кеңестің Құрмет грамотасымен марапатталған. Жас түлектерді тәрбиелеуге төккен тер, сіңірген еңбегінің өтеуіндей болған «Еңбектегі ерлігі үшін» медалі, бірнеше облыстық, аудандық білім бөлімі, басқармасының мақтау қағазы, аудандық, облыстық комсомол комитетінің Батыс Қазақстан теміржол басқармасының Құрмет грамотасын иемденген.
1994 жылы Батыс Қазақстан теміржолы оқу орындары бөлімі мұғалімдерінің съезіне делегат болып қатысқан. 1975 жылдан 2008 жылға дейін үзіліссіз 33 жыл бойына Жаңақазалы поселкелік және аудандық кеңестердің, аудандық мәслихаттың депутаттығына сайланған.
Есімі еңбегімен еленген ерді бір кездері аудан басшысы «дарынды директор» деп атап, өзгелерге үлгі еткен көрінеді. Олай деуге негіз де жоқ емес еді. Мектеп оқушыларының сапалы білім, сындарлы тәрбие алуы, педагогикалық құрылымның моралдік мінсіздігі мен білім біліктілігіне ерекше мән берген мәртебелі мұғалім отыз жылдан астам аудандық, қыстақтық кеңестің депутаты болған кезде де ағарту саласының түйіткілді мәселесін, басқа да әлеуметтік жағдайлардың оң шешімін табуына атсалысты. Бұл туралы ұлағатты ұстаздың өмір-өнегесін ұрпаққа ғибрат ету мақсатында жарыққа шыққан «Мектебім – менің өмірім» кітабында дәйекті деректер келтірілген.
Болмысында Ғани Мұратбаевтың өжет болмысы, қайтпас мінезі мен ұйымдастыру, іскерлік қабілеті, академик Сәтбаевтың білімдарлығы мен төзімділік, терең ойлылығы тұрпатынан табылған Бақытғани Сәтбаев ұрпақ тәрбиесін ұйыстырып, туған жерді түлетуге аянбай атсалысқан азамат. Оның ғазиз есімі халық жадында жақсылығымен ұзақ жылдар жаңғырары сөзсіз.
А.ОСПАНОВА
22 қазан 2019 ж. 897 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031