Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қыздың көзі «қысқа толқынды пеште күйіп қалғандай».

Қыздың көзі «қысқа толқынды пеште күйіп қалғандай».

Тайваньда 25 жастағы хатшы Ченьнің телефонына хабарламалар жиі келген. Сондықтан ол хабарламаларға көшеде жүргенде де жылдам жауап беру үшін телефонының жарығын барынша қатты етіп қойыпты. Алайда екі жылдан кейін оны тексерген дәрігерлер қайран қалды. 

Бастапқыда Чень айтарлықтай ештеңе сезбеген. Алайда уақыт өте келе көзінің көруіне байланысты қиындықтар пайда болыпты. Оның көзі қызарып, қатты ауыратын боллған. Ол екі жылдан кейін дәрігерлерге жүгінуді ұйғарады. Сол кезде дәрігерлер оның көзін тексеріп, таңқалған, деп хабарлайды Mirror басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Қыздың сол жақ көзінің қасаң қабығынан ұйыған қан табылған және көзінің көру қабілеті төмендеген. Ал оң көзінен 500-ге жуық тесік табылды. Ол көзінің көруі мүлде нашарлаған екен. Дәрігерлердің сөзінше, оның көзі «қысқа толқынды пеште күйіп қалғандай».

Телефонның ең жоғары жарығы 625 люмен таратқан. Ал дәрігерлер бұл көрсеткішті 300 люменнен асырмауға кеңес береді.

Дәрігерлер Ченьге стероидты ем тағайындады. Жүргізілген ем-дом үш күннен кейін нәтиже бере бастады. Алайда қыздың көзі бұрынғыдай көретін бола ма, жоқ па, ол жағы белгісіз.
21 ақпан 2019 ж. 1 634 0

Тасбақа тағылымы

18 қазан 2025 ж. 132

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031