Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаланың қадамы қарышты

Қаланың қадамы қарышты

Аудан атауымен аттас Қазалы қаласында қазіргі таңда көптеген игі істер атқарылуда. Кент пен қала арасын қосу мақсатындағы істеліп жатқан жұмыстар оның онсыз да тынымсыз тіршілігін еселеп жіберді. Сондай-ақ шаһар тұрғындарының әлеуметтік жағдайын арттыру жайында әкімдік тарапынан бірқатар бастамалар көтеріліп жатқанға ұқсайды. Осы және өзге де даму бағыттары жайында қала әкімі Рахметолла Ізтілеумен әңгімелескен едік.

– Рахметулла Жәдігерұлы, Қазалы қала­сының даму деңгейі қандай?
– Әрбір аумақтың даму көрсеткіші оның бюджет көлемінің өсуіне қарайтыны белгілі. Заман ағымына сай шаһарда өрістеп жатқан толымды тірліктер де ауқымды екені түсінікті. Қазалы қаласы әкімі аппараты төртінші деңгейлі бюджетке өтуіне байланысты салықтық және салықтық емес түсімдерден 34 556 000 теңге, трансферт арқылы 191 302 000 теңге түсіп, жыл қорытындысымен 99,9 процентке орындалады деп күтілуде. Сонымен қатар салықтық және басқа түсімдер бойынша 34 556 000 теңге жергілікті бюджетке түсіріліп, мүлік пен жер, көлік салықтары толығымен орындалды.
– Ел бойынша халықты әлеуметтік қолдау, кәсіпкерлікке жол ашу басшы­лардың басты назарындағы мәселеге айналды. Аталған жұмыстардың қаладағы ахуалы жайлы тарқатып айтып өтсеңіз?
– Өткен жылы Қазалы қаласы бойынша 19 отбасындағы 69 адамға 376,6 мың теңге тұрғын үй жәрдемақысы, 28 отбасы, яғни 150 адамға 6138,0 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек берілді. Қаладағы 1244 тұрмысы төмен, жалғызбасты және мүгедек азаматтарға жалпы 2 977,1 мың теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілді.
Қазалы қаласында барлығы 427 кәсіпкер бар. Оның ішінде 46 дүкен, 32 түрлі қызмет көрсету нысаны, 43 такси, 20 жолаушылар көлігі халыққа қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, қаланың 286 тұрғыны Әйтеке би кентіндегі орталық базарда түрлі кәсіппен айналысады. Кәсіпкерлік саласында 600 адам жұмыспен қамтылған. 2018 жылы 61 кәсіпкер тіркелді.
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша жұмыссыздар есебінде тұрған 32 адам оқытылып, 3-еуі жұмысқа орналасты. Бұдан бөлек «Бастау бизнес» жобасы арқылы кәсіпкерлік негізде 12 адам оқу курсынан өтіп, сертификат алды. Олардың барлығы жобаларын қорғап, екеуі 8 млн теңге көлемінде несие алып, кәсіптерін дөңгелетуде. Тағы екі азамат несие алуға құжаттарын тапсырған.
Жалпы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында жергілікті тұрғындар 145 000 миллион теңге несие алып, жұмыстарын жандандыруда. «Кызылорда өңірлік инвестициялық орталығы» микрокредиттік каржы ұйымы құжаттарын тапсырған қалалық И.Сарсенбай 3 300 000 теңгеге қол жеткізіп, жылқы малын өсіруде.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдар­ламасы арқылы жеке кәсіпкер Ж.Төлебаева жалпы құны 3 млн теңгеге көкөніс өндіретін консервілеу қызметін кеңейту жобасын әзірлеп, 1 млн теңгемен қаржыландырылды. Жоғарыда аталған бағдарлама аясында Р.Алимуса 240 500 теңге қайтарымсыз несиеге тігін шеберханасын ашты. Сондай-ақ М.Асанова «ZhasProject» жобасынан жеңген 1 млн теңгеге тігін цехын ашты.
Қала әкімдігі жергілікті азаматтарды жұмыспен қамту ісіне ден қойған. Соның арқасында ағымдағы жылы 12 адам әлеуметтік жұмысқа, 13 азамат жастар тәжірибесіне жіберілсе, жұмыс іздеуші ретінде 232 адам хабарласып, оның ішінде ақылы қоғамдық жұмысқа 40, тұрақты және уақытша жұмысқа 167 адам орналасты.
– Көпшілік Қазалы қаласын жасыл желекке бөленген шаһар ретінде таниды. Қазіргі таңда қаладағы құрылыс жұмыстары мен абаттандыру ісі қалай?
– Қала көшелерінің келісті келбетін қалыптастыру басты назарда. Бұл үшін аудандық бюджеттен 4 500 000 теңге қаржы бөлініп, С.Толыбеков көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қаланың шет аймағынан жаңадан ашылған 180 гектар жер учаскесін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында ауызсу желісі тартылды.
Көркейту-көгалдандыру, санитарлық тазалық жұмыстары да ретімен жүргізілуде. Ағымдағы жылы бюджеттен бөлінген қаржыға сәйкес көшелерге және саябақтарға 2000 тал көшет отырғызылып, ағаштар мен жол жиегіндегі бордюрлер әктелді. Алаң мен саябақтардағы түнгі жарықшам бағаналары сырланды. Мекеме аулаларына жалпы көлемі 1500 шаршы метр жерге гүл көшеті егілді. Бұдан бөлек қаланың шет аймағында орналасқан бұрынғы өкпе аурулар диспансерінің жанындағы көлемі 1,5 гектар жерде жасыл белдеу аймағы ашылып, қоршалды. Сонымен қатар қаланың батыс, оңтүстік шығыс бөлігінде және шығыс беткейінде орналасқан “СНП-500/10” маркалы су айдайтын насос арқылы көшедегі талдарға, парк пен саябақтарға және үй іргелік жерлерге бекітілген кестеге сәйкес аптасына 3 рет аяқсу жіберілді.
Санитарлық тазалық жұмыстары бойынша қаланың барлық көшелері мен мәдени-демалыс алаңдары тазаланып, жалпы көлемі 3936 текше метр күл-қоқыс тұрмыстық қатты қалдықтар төгетін орынға шығарылып, көше жолдарына тұрақты түрде су шашылады. Айналадағы тазалықты қамтамасыз ету үшін арнайы күл-қоқыс тастайтын 50 дана контейнер тұрғындарға берілді. Бұған қоса көктемгі және күзгі санитарлық тазалық жұмыстарына іс-шара жоспары бекітіліп, 25 рет тұрақты сенбіліктер өткізілді.
– Қала әкімдігіне қарасты әлеуметтік маңызды мекемелердің жай-күйі туралы не айтасыз? Құқықбұзушылыққа қарсы қандай жұмысқар атқарылуда?
– Бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт салаларының дамуы аса маңызды. Бұл орайда қалада 3 мектеп, аграрлы-техникалық колледж, кешкі мектеп, 2 балабақша және мектеп жанынан ашылған шағын орталық бар. Жалпы 3 мектепте 1523 бала білім алса, кешкі мектепке 83 оқушы барады. Былтырғы оқу жылында 52 түлектің 31-і Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, 18 оқушы жоғары оқу орнының грант иегері атанды.
Ал Қазалы аграрлы-техникалық кол­леджінде 497 студент 10 мамандық бойынша білім алуда. Өткен оқу жылында колледжді 212 түлек бітіріп, 179-і тұрақты жұмысқа орналасты. Бұдан бөлек №18 аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебіндегі 8 секцияда 738 оқушы жаттығады.
Ауданаралық ауруханаға қарасты Қазалы қаласындағы амбулаториялық емхана ауысымына 150 адам қабылдауға қауқарлы. Күндізгі бөлімде 25 төсек жабдығы бар. Мұнда бір айда 60 адамға дейін ем қабылдайды. Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында 101 қызмет алушы тіркелген.
Сыбайлас жемқорлықты алдын алу мақ­сатында, жемқорлыққа қарсы күресте барлық адамдардың заң мен сот алдында теңдігі, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою, олардың алдын алу және барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде күрес жүргізу жайы қамтылып, жемқорлықпен күресу жалпыға ортақ міндет екендігі жөнінде тұрақты жұмыс жүргізіліп келеді.
Қазалы аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің қалалық полиция бөлімшесіне 2 учаскелік полиция қызметкері бекітілген. Жыл қорытындысы бойынша 18 қылмыс тіркеліп, оның 11-і дер кезінде ашылған.
– Тұрғындар тарапынан әкімдікке арыз-өтініш айтушылар жайын айтсаңыз.
– Қазалы қаласы әкімінің аппаратына өткен жылы жеке және заңды тұлғалардан 640 өтініш келіп түскен. Аталған өтініштердің 15-і заңды тұлғалардан, 604 жеке тұлғадан жолданған. 28 қала тұрғыны жеке қабылдауымда болды. Жалпы түскен өтініштердің 78 проценті қала аумағынан тұрғын үй құрылысы үшін жер сұрағандар болып есепке алынды. Тағы 125 өтініштің 65 проценті қанағаттандырылып, қалғанына тиісті заң талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
– Уақыт бөлгеніңіз үшін рақмет!

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ

17 қыркүйек 2019 ж. 1 200 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 65

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930