Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кентке ажар қосқан аллея

Кентке ажар қосқан аллея

Туған жердің әр қырқасы кім-кімге болмасын ыстық. Оның табиғаты мен пайдалы қазбаларын сақтау бүгінгі буынның қасиетті борышы. Ал қолдағы барды ұқсатып, оны әрмен қарай жандандыра түсу ұрпақ алдындағы азаматтық парыз екендігі рас. Осы ретте жуырда Әйтеке би кентіндегі «Жеңіс» саябағында «Қамқор Park» аллеясы ашылды. Аллеяның ашылу салтанатында аудан әкімі Мұрат Ергешбаев құттықтау сөз сөйледі.

– Қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялай білу туралы көп айтамыз. Ал сол экологиялық ахуалды жақсартуда жасыл желектің атқарар қызметі ерекше. Тек соны сезініп, оны көбейту мәселесіне баса назар аудару қажет. Жайқалған жасыл ағаштар көз қуанышы ғана емес, ауаның алмасуына ықпал ететін табиғат сыйы. Қазыналы Қазалы өңірінің жасыл желекке айналуы үшін бізде көптеген жұмыстар атқарылуда. Жыл сайын көктемгі көркейту-көгалдандыру, санитарлық тазалық айлығы кезінде аудан орталығының өзінде алты мыңнан астам көшеттер отырғызылып, бұрыннан бар талдар ретке келтіріледі.

Туған жердің гүлденуіне тұрғындармен қатар, мекеме-кәсіпорын ұжымдары да ерекше үлес қосуда. Бұл ретте ауданымыздағы ғасырдан астам тарихы бар теміржол мекемелерінің де нәтижелі жұмыстарын айта кеткен орынды. Жақында Диас Төлейтайұлы Сүлейменов басқаратын «Қамқор Менеджмент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арнайы «Қамқор Green» бағдарламасын қабылдап, рес­публика көлемінде ауқымды шараларды қолға алды. Соның бірі – «Қамқор Park» жобасы. Бұл шағын қалалардың тұрғындары үшін салауатты және эстетикалық толыққанды табиғи ортаны құру үшін ағаш отырғызу акциясы. Бүгін осы шараның аясында «Жеңіс» саябағының ішінен арнайы аллея ашылып, тұрғындарға тарту етілгелі отыр. Сіздерді «Қамқор Park» аллеясының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Жаңа аллея елдің игілігіне қызмет етіп, халықтың, жастардың демалатын орнына айналсын, – деді аудан басшысы.

Салтанатты шарада сонымен қатар «Қамқор Менеджмент» ЖШС бас директорының орынбасары Руслан Шәкенов: «14 қыркүйек күні біздің директорымыз жер-жерден «Қамқор Green» бағдарламасын өткізуге бұйрық берген болатын Міне, бір айға жетпес уақыт аралығында 2 мыңға жуық қызметкердің араласуымен Қазалы, Аягөз, Шалқар секілді бірқатар қалада аллеялар ашылып, жас көшеттер егілуде. Мұнымен қатар біздің холдингтің 11 мыңға жуық қызметкері «Таза Қазақстан» акциясына қатысады», – деді.

Қазақстан теміржолының ардагері, Кеңес Одағының Құрметті теміржолшысы, Батыс Қазақстан теміржолының вагон шаруашылығында басшы қызметін атқарған Бисембай Майсутов бастаманың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар аудандық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов шара ұйымдастырушыларының алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Мұнан соң аудан әкімі Мұрат Ергешбаев бастаған құрметті қонақтар «Қамқор Park» аллеясының лентасын салтанатты түрде қиып, тал егу рәсіміне қатысты.

Айта кетейік, аталған аллеяның ашылуына Талғат Әліпбаев басқаратын Қазалы вагон жөндеу депосы – «Қамқор вагон» филиалы ұйытқы болды. Іргелі ұжым тұрғындар үшін арнайы жүргінші жол салып, орындықтар орнатты. Теміржолшылардың көмегімен аллеяның ішінде 500 түп көшет отырғызылды. Олардың арасында жыл он екі ай бойы жап-жасыл күйінде тұратын шырша, қарағай сияқты ағаш бар.
Дәл осындай шаралар Қазалы ауданымен қатар, Аягөз, Шалқар және Шар секілді шағын қалаларда да ұйымдастырылып, 2000 түп қылқанжапырақты көшет егілді.

Е.ЖҰМАБЕК

15 қыркүйек 2019 ж. 1 145 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 68

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930