Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрғын үйлер бой түземек

Тұрғын үйлер бой түземек

Қазір көптеген тұрғындардың баспана мәселесіне алаңдаушылығы бар екенін рас. Өткен жылы 33,8 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы салынып, 102,3 пайызға орындалды. Бұл туралы аудан әкімі бүгінгі есебінде мәлімдеді.
М.Ергешбаевтың айтуынша, бюджеттен қаралған 31 млн. теңгеге (жергілікті полиция қызметінің бастығына (Әйтеке би кенті) , 5 учаскелік полиция қызметкеріне (Алға, Аранды, Арықбалық, Бірлік, Көларық) , 1 судьяға (Әйтеке би кенті) , 2 дәрігерге (Алға, Аранды), 1 ауылдық округ әкіміне (Құмжиек)10қызметтік тұрғын үй сатып алынған. Ал, биыл қызметтік тұрғын үйлер(Әйтеке би кентінен аудан әкімінің орынбасарына, Майдакөл ауылдық округі әкіміне)сатып алуға аудандық бюджеттен 17 млн. теңге бөлінген. Алдағы 2018 жылға осы бағдарлама аясында тұрғын үй сатып алу үшін 182 млн. теңге қаржы қаралып  отыр.
– «Алдағы уақытта қала мен кент аралығынан тағы да тұрғын үйлер салу жоспарымызда бар. Бұл біріншіден, жер кезектілігін азайтса, екіншіден, тұрғын үй бойынша да өтініштердің санын төмендетуге мүмкіндік береді деп есептеймін»,–деді аудан әкімі.
31 қаңтар 2018 ж. 2 602 0

Баба рухы ардақталды

10 қазан 2024 ж. 45

Талғардағы трагедия

10 қазан 2024 ж. 60

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031