Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Инженерлік инфрақұрылымды дамыту қажет

Инженерлік инфрақұрылымды дамыту қажет

Бүгінгі күні аудан орталығындағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту кезек күттірмейтін мәселелердің біріне айналып отыр. Себебі, тұрғындардың жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскесін бөлу жөніндегі сұраныстары жылдан-жылға өсіп келеді.
Осы мәселелер жайында бүгін Қазалы ауданының әкімі М.Ергешбаев халық алдындағы есебінде сөз етті. Оның айтуынша, Заң талаптарына сәйкес, инженерлік-инфрақұрылыммен қамтамасыз етілмеген жер учаскелері табысталмады. Сондықтан, осы мәселелерді шешу мақсатында ауданда 5 жаңа қоныстану аймағы игерілу үстінде.
Өткен жылы инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген Әйтеке би кенті мен Басықара автожолы бағытындағы 56 гектар жер учаскесінен тұрғын үй салу үшін 200 адамға жер берілген.
Қазіргі таңда аудан орталығынан 180 және 210 гектар жер учаскелеріне жол салу , электрмен жабдықтау , ауыз сумен қамту , газ жүргізу жұмыстары жүруде. Қазалы қаласы бойынша да көлемі 180 гектар жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары басталды. Сонымен қатар , 81 гектар жер учаскесі бойынша да жобасы әзірленіп , қаржыландыруға ұсынылды.
Бұл мақсатқа биыл республикалық бюджеттен 761,1 млн. теңге бөлініп отыр.
Осы жұмыстардың негізінде алда 3 мыңға жуық тұрғынға жер беру жоспарланып отырғанға саяды.
31 қаңтар 2018 ж. 1 921 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 73

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 68

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930