Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » “25 жас –25 игі бастама”

“25 жас –25 игі бастама”

Қазіргі таңда елдің экономикалық жағдайы біршама жақсарғанымен қоғамда көмекке мұқтаж жандар жетерлік. Бірі тағдыр тауқыметі салдарынан қиындыққа кезіксе, енді бірінің жұрт қатарлы тіршілік етуіне жағдайы болмай жатады. Оларды демеу мақсатында билік тарапынан көптеген әлеуметтік бағдарламалар мен жан-жақты қолдау шаралары ұйымдастырылып отырғанын көріп жүрміз. Одан бөлек жастар мен қоғам белсенділері бұл іске біркісідей атсалысып келеді.

Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап аудандағы «Қазалы – Жомарт» қоғамдық бірлестігі жанынан құрылған «25 жас – 25 игі бастама» жобасы да қоғамдағы осындай азаматтардың басқа түскен ауыртпашылығын көтерісуге, ел мүддесіне жарайтын істерді жүзеге асыруды көздейді. Үкіметтік емес ұйым «Бастамаларды қолдау» қоғамдық бірлестігінің 600 мың теңге грантын жеңіп алып, сол қаражаттың негізінде қарқынды жұмыс жүргізуді қолға алды.

Алдағы уақытта аудандық ішкі саясат бөліміне қарасты Жастар ресурстық орталығы мүмкіндігі шектеулі жандар, жалғызбасты қарт, тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсететін болады. Ол үшін тиісті жоспар жасалып, әуелгі жұмыс басталып кеткен. Сондай-ақ ерікті жастарды жинап, олардың белсенділігі мен көшбасшылығын арттыру мақсатында семинар тренинг пен түрлі көңілді шаралар ұйымдастыруда.

Қазірдің өзінде белсенді жас­­т­ар «Аза­маттық бастамаларды қол­дау орталығы» мен «Бастамаларды қолдау» қоғамдық бірлестігінің қолдауын тиімді пайдалану мақсатында аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі көрсеткен 11 мүмкіндігі шектеулі азаматты және кент әкімшілігі берген тұрмысы төмен 16 отбасының тізімін алған. Оларға мониторинг жұмыстарын жүргізіп, аса мұқтаж саналатын 4 отбасын жақын жоспарға енгізген. Белсенді жастар мен «Қазалы – Жомарт» қоғамдық бірлестігінің өкілдері жағдайы төмен тұрғындардың барлығына көмек көрсеткісі келетіндіктерін айтады. Осы тұста бастамашыларға шаруашылық иелері мен серіктестердің қолдауы қажет екенін айта кеткен жөн.

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
30 маусым 2019 ж. 1 373 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930