Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел жүрегі – Астана

Ел жүрегі – Астана

Тәуелсіздігіміздің тұғырлы байрағы ту тіккен елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойын атап өтуге қасиетті Қазалы өңіріндегі «Шағала» балаларды сауықтыру – демалыс орталығы да атсалысты. Жазғы демалыс орталығының білім саласы қызметкерлерінің балаларының демалысына арналған ІІІ ауысымы Астана күнімен мазмұны арта түскендей болды.
Аудандық білім бөлімі мен білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен өткен «Ел жүрегі – Астана» атты салтанатты шара жас суретшілер байқауымен басталып, «Көңілді уақыт», «Ойындар патшалығы», «Көңілді старт» эстафеталық ойындармен жалғасын тапса, шара соңы «Серпін» жастар кеңесінің мерекелік концертімен аяқталды. №16, №182 орта мектептің мұғалімдері Бердалы Жарқынай мен Нұрмаханов Таланттың ұйымдастыруымен өткен жас суретшілер байқауында бір топ тынығушылар көрікті Астана келбетін қылқаламмен суреттеп, шығармашылық қабілеттерін танытса, №91 орта мектептің және «Ақмарал» балабақшасының педагог-психолог мамандары Қалиева Мирамкүл мен Қуанышбаева Гүлжайна «Көңілді уақыт» атты психологиялық тренингте тынығушылардың ой-өрісін дамытатын жаттығулар орындату арқылы балалардың арасында жағымды қарым-қатынас орнатуға ықпал етті, №95 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Рсалиев Мамырбек тынығушылардың дүниетанымын арттыру бағытында «Ойындар патшалығы» айдарымен түрлі мазмұнда танымдық ойындар ойнатты. Ал №70, №266 мектептің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері Жұмахметов Ардақ пен Әлмұрат Жандостың ұйымдастыруымен өткен «Көңілді старт» спорттық эстафеталық ойыны тынығушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаумен қатарсалауатты өмір салтын ұстануға үйретті. Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитеті жанынан құрылған «Серпін» жастар кеңесінің мерекелік концертіне ұласқан шара соңында 110 тынығушыға мерекелік сыйлықтар мен тәтті балмұздақ таратылды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат.

05 шілде 2018 ж. 1 416 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 30

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930