Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрбан айтта демалыс жоқ: тамызда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Құрбан айтта демалыс жоқ: тамызда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Биыл мереке күнін қосқанда, тамыз айының он күні – демалыс.  Сенбі-жексенбі және Конституция күнін қосқанда қазақстандықтар тамыз айында он күн демалады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Мұсылман күнтізбесі бойынша аталып өтетін Құрбан айттың алғашқы күні демалыс болып саналады. Биыл діни мейрамның бірінші күні 11 тамыз, яғни жексенбіге түсіп тұр. Бірақ ұлттық немесе мемлекеттік мереке болмағандықтан, демалыс күні ауыстырылмайды.

Ал 30 тамыз – Конституция күні. Осы жылы мемлекеттік мереке жұмаға тұспа-тұс келіп отыр. Тиісінше қазақстандықтар бұл күні жұмыс істемейді. Әрі қарай демалыс күндері түсіп тұрғандықтан, Конституция күнінде Қазақстан халқы қатарынан үш күн демалады.

Осылайша, сенбі-жексенбі және Конституция күнін қосқанда, тамыз айының он күні демалыс болып отыр.

Еңбек кодексінің 85-бабы 3-тармағына сәйкес, мереке күндері кезінде жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында үкімет демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.

16 шілде 2019 ж. 2 443 0

"Ғасыр куәсі" жобасы

13 ақпан 2025 ж. 181

Білім сапасы бақылауда

13 ақпан 2025 ж. 195

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728