Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Телефонға қауіпсіздік сертификатын орнату қауіпті ме? Ұлттық қауіпсіздік комитеті не дейді?

Телефонға қауіпсіздік сертификатын орнату қауіпті ме? Ұлттық қауіпсіздік комитеті не дейді?

Қауіпсіздік сертификатын орнату қауіпті ме?

ҰҚК мемлекеттік техникалық қызмет директорының орынбасары Зекен Исмайыловтың айтуынша, сертификат тек қана шифрланған трафиктің мағынасын ашу үшін, сондай-ақ деструктивті контенттер мен парақшаларды бұғаттау үшін қолданылады. Қауіпсіздік комитетінің өкілі сертификат арқылы ешкімнің әлеуметтік желідегі пароліне, парақшасына, хат-хабарламаларына қол сұғылмайтынын мәлім етті.
Осы орайда қауіпсіздік сертификатының техникалық тұрғыда VPN-ды бұғаттай алатынын айтып қалды. Сөзіне сенсек, қауіпсіздік сертификатының көмегімен VPN-ды бұғаттау үшін соттың шешімі немесе құзіретті мемлекеттік органның нұсқауы қажет.
– Баспасөзді оқығанда Facebook, Twitter желілерінде проблемалар барын жиі байқаймыз. Қазақстанда жиі болмаса да, бәрібір болады. Байланыс операторларымен тұрақты байланыстамыз. Туындаған мәселенің барлығымен жұмыс істейміз. Сондықтан олардың жауапкершілігіне қатысты мәселе болса байланыс операторының call-орталығына жүгінуіңізді сұраймыз. Өздері шешеді. Егер қауіпсіздік сертификатына қатысты болса және сертификатты орнатпағандарға қолжетімділік бұғатталса, онда бұл мәселені біз отырып шешетін боламыз. Кез келген техникалық шешімде қандай да бір қателік болады. Қазір апробациялау процесі жүріп жатыр, – деді ҰҚК өкілі.
28 шілде 2019 ж. 1 067 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930