Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мейрамбек Беспаевтың ата-анасы бос ыдыс жинап, судың келуін күтіп отыр

Мейрамбек Беспаевтың ата-анасы бос ыдыс жинап, судың келуін күтіп отыр

"Танымал әнші Мейрамбек Беспаевтың ата-анасы да осы ауылдың жұрты секілді бос ыдыс жинап, құбырдан судың аққанын аңдып, күтіп отыр" деген телеарна тілшісі ол үйге де бас сұққан.

— Ауызсу наурыз айынан бастап басты мәселемізге айналған. Содан бері әлі шешімін тапқан жоқ. Лай су келеді. Онда да тамшылап ағады да жоқ болып кетеді. Намаз оқимын. Дәрет алуға су жоқ, түсінесіз бе? Шәй қайнататын су жоқ, — дейді ашынған жаңатұрмыстық тұрғын.

«Танымал әнші Мейрамбек Беспаевтың ата-анасы да осы ауылдың жұрты секілді бос ыдыс жинап, құбырдан судың аққанын аңдып, күтіп отыр» деген телеарна тілшісі ол үйге де бас сұққан.

— Су жоқ. Балалар айтады 4 күн болмаған алдында деп. Міне, үйде жиналмайды, шашылып жатыр мынаның бәрі. Қалай жинайсың, су болмаса, — дейді Жібек Жолдасова шашылған пластмасса ыдыстарды көрсетіп.

Тұрғындардың айтуынша, үзіп-жұлып келетін кранға су осыдан екі күн бұрын ғана келіпті. Яғни, жаңатұрмыстықтар екі күн сусыз отыр.

«Күнде су беріліп тұр, 24 сағаттың 12 сағатында. Бірақ судың «давлениесі» жоғалып кетіп, содан су жетпей жатыр мұнда. Қатты ыстыққа байланысты су азайып жатыр, ал су тұтынатын елді-мекендер көбейіп жатыр», — дейді «Таусамалы» ММК басшысы Бауыржан Айнақұлов.

Әкімдік те жағдай тұрақты деп бәйек. Ал қаңсыған ыдыстарын көрсеткен ауыл тұрғындары бұл осы су мекемесіне қарасты Наурызбай ауданының да біраз бөлігіне тән құбылыс деп ашынады.


25 шілде 2019 ж. 2 954 0

Қауіпсіздік – басты назарда

03 қыркүйек 2025 ж. 172

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930