Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Теңіз тағдыры – басты назарда

Теңіз тағдыры – басты назарда

Орталық Азиядағы транс шекаралық су ресурстарын басқару бағдарламасы аясында кеше Қызылордада Халықаралық аралды құтқару қорының ҚР Атқарушы дирекциясы, халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Германия қоғамдық қоры (GIZ) және облыс әкімдігі арасында «Солтүстік Арал теңізінің балық қорын сақтау, қорғау және оны дамыту. Арал-Сырдария Бассейндік кеңесінің әлеуетін арттыру» жобасын жүзеге асыру туралы үшжақты меморандумға қол қойылды.

Облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Намаев GIZ «Орталық Азиядағы су ресурстарын трансшекаралық басқару» бағдарламасының басшысы Каролина Милов пен Халықаралық Аралды құтқару қорының ҚР Атқарушы дирекциясының директоры Болат Бекниязбен кездесіп, Сыр өңірінің экологиялық және әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуге қосқан елеулі үлестері үшін алғысын білдірді.
«Көкарал бөгетінде балықты қорғау құрылғысының болмауына байланысты жыл сайын балықтар жаппай қырылуда. Соның салдарынан 2017 жылы 200 тонна балық шабақтарының жойылуы орын алған. Сол себепті «Солтүстік Арал теңізінің балық қорын сақтау, қорғау және оны дамыту. Арал-Сырдари Бассейндік кеңесінің әлеуетін арттыру» жобасы аймақ үшін аса маңызды. Біздің ынтымақтастығымыз алдағы уақытта да табысты болып, экологиялық жағдайды жақсартуда және аймақ тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруда қажетті нәтижелерге қол жеткізетінімізге сенімдіміз», – деп атап өтті Б.Намаев.
Жобаның негізгі мақсаты – Солтүстік Арал өңірінің балық қорының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сақтау және дамыту, су ресурстарын интеграцияланған басқару принциптерін одан әрі дамыту және тәжірибеге енгізу, су шаруашылығы және бассейндік құрылымдарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету деңгейін жақсарту, Арал-Сырдария бассейндік кеңесінің (шағын бассейндік кеңестерді қоса алғанда) әлеуетін арттыру, қызметін жандандыру, сондай-ақ халықтың экологиялық сауаттылығын көтеру және жоба аясында тиімді ынтымақтастық орнату болып табылады.
Меморандумға сәйкес, Халықаралық Аралды құтқару қорының ҚР Атқарушы дирекциясы балық қорғау қондырғысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлейді, Германия қоғамы қаржыландырумен айналысады, ал облыс әкімдігі жобаны іске асыруды қолдау шараларын және ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
14 шілде 2019 ж. 1 629 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930