Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіптен нәсіп тапқандар

Кәсіптен нәсіп тапқандар

16 қаңтар күні Мұратбаев ауылында Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалының ұйымдастыруымен « «Кәсіптен нәсіп тапқандар» тақырыбында кәсіпкерлермен кездесу өтті.
Жиынға аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қасқырбек Мәмбетжан, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің бас маманы Ардақ Байденесова және кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының менеджер кеңесшісі Берікбол Қуанғалиев қатысты.
Кездесу кәсіпкер Бақыт Әбілтаевтың шаруа қожалығымен танысудан басталды. Мал шаруашылығымен айналысатын ол ата кәсіпті 2013 жылы бастаған. 2014 жылы «Ауылшарушылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ- нан «Береке» бағдарламасы бойынша  қаржылай несие алып, кәсібін кеңейтіп, қазіргі таңда ауылдың 5 тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Одан бөлек нәпақа-нанын өз кәсібінен тауып отырған Елубай Шагдиев те өз ісінің жай-жапсарымен бөлісті: – «Мемлекет басшысы біздерге үлкен мүмкіндік берді, әрі кәсіпкерлерге жасап жатқан шарапаты мол. Бізге өз ынтамыз бойынша өз иелігіміздегі барлық шешімдер мен іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқығын берді. Кәсібіме тоқталар болсам «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-нан «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша несие алып, кәсібімді дөңгелетіп, бала-шағамды асырап отырмын. Бірнеше ауыл азаматтары осы шаруашылықта жұмыс жасайды. Алдағы уақытта жер алып, осы кәсібімді кеңейткім келеді».
Жиын соңында сөз сөйлеген аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары еліміздің алғаш нарықтық қатынасқа көшіп, шаруашылық жүргізудің бұрынғы жүйесі бұзылған тұста сала құлдырауды бастан кешкенімен соңғы уақыттары мал шаруашылығын дамыту мәселесіне мемлекет үлкен көңіл бөліп отырғанын айтты. Сонымен қатар, мал басының өсімі мен оның өнімі жылдан-жылға еселенгенін, мұның өзі саланың келешек дамудың негізін қалау үшін мал шаруашылығы өнімдерінің экспортын мейлінше жандандыруды қажет ететінін жеткізді. Кәсіпкерлерге алдағы істерінің жемісті болуын тілеп, жиынды қорытындылады.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ.
18 қаңтар 2018 ж. 1 958 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 86

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 84

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 71

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930