Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде жанармайды темір жол және көлікпен шығаруға тыйым салынған

Елімізде жанармайды темір жол және көлікпен шығаруға тыйым салынған

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, деп хабарлайды baq.kz.
Министр елімізде жанар-жағармайдың жағдайын реттеу үшін түрлі шаралар қабылданғанын еске салды.
Жанармайды темір жол және көлікпен шығаруға тыйым салынды. Сондай-ақ ресурс иелеріне жанармайды тікелей жанармай станцияларына сатуға міндеттейтін заңнамалық нормалар қабылданды, - деді Ақшолақов ОКҚ-да.
Сөзінше, сонымен бірге мұнайды жеткізу және мұнай өнімдерін сату кезіндегі өнімсіз делдалдар алынып тасталды.
Бұдан басқа, былтырдың тамыз айында біз тапшылықты азайту үшін сараланған баға (450 теңге) және лимиттер (300 литрге дейін) енгіздік. Бірақ барлық шектеуге қарамастан, «көлеңкелі экспорт» арқылы отынды шығару мүмкіндіктері табылды, - деп түсіндірді ол.
Министрдің айтуына қарағанда, тапшылықты болдырмау үшін еліміз шұғыл түрде қымбат импорттық отынды сатып алуға мәжбүр болып отыр.
03 сәуір 2023 ж. 381 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031