Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда көмір бағасы бір жылда 11 пайызға қымбаттады

Қазақстанда көмір бағасы бір жылда 11 пайызға қымбаттады

Биыл елімізде 86,7 млн тонна тас көмір өндірілді.Еліміздің ішкі нарығында осы жылдың қазан айында көмір бағасы өткен жылмен салыстырғанда 10,9%-ға қымбаттады, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.
Energyprom.kz мәліметінше, өңірлік тұрғыда көмір бағасының бірден қымбаттағанын Ұлытау өңірінің (57,4%) тұрғындары қатты сезінген. Сондай-ақ Абай (бір жылда 18,6%) және Солтүстік Қазақстан (18,5%) облыстарында да айрықша қымбаттаған.
«Бағаның ең аз жылдық өсімі Қызылорда облысында тіркелді: өңірде көмір небәрі 0,3%-ға қымбаттаған. Батыс Қазақстан облысында көмір бағасы өзгеріссіз қалды», - делінген зерттеуде.
Осы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда 86,7 млн тонна таскөмір, оның ішінде қоңыр көмір мен көмір концентраты өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 5,6%-ға артық көрсеткіш.
Айта кетерлігі, сегіз айдың қорытындысы бойынша Қазақстан 653,2 миллион долларға 22 миллион тонна таскөмір экспорттады.
08 қараша 2022 ж. 476 0

Қазақстанда күн күрт суытады

08 желтоқсан 2025 ж. 134

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031