Қазақстанда ұн қымбаттады
Қазақстанда ұн бағасының жылдық өсімі 41,4 пайызды құрап, тамыз айында бірден 4,3 пайызға қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.
Сәуір-мамыр айларында ұн бағасы 7,5 және 6,8 пайызға қымбаттаған болатын.
2011-2021 жылдар аралығында ұн бағасының орташа айлық өсімі 0,8 пайызды құрады. Биыл қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша ұн бағасы айына орта есеппен 4 пайызға қымбаттаған.
Өңірлер арасында тамызда ұнның бағасы Павлодар облысында 12,8 пайыз, Жетісу облысында 12,4 пайыз, Батыс Қазақстан облысында 11,9 пайыз болды.
Тамыз айында елімізде ұн бағасы өткен жылдың соңымен салыстырғанда орта есеппен 36,8 пайызға қымбаттады.
Қаңтар-шілдеде отандық өндірушілер дәнді дақылдарға деген сұранысты өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 99,6 пайыздан 98,9 пайызға қамтамасыз етті.