Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда нан бағасы 20%-ға қымбаттады

Қазақстанда нан бағасы 20%-ға қымбаттады

Елімізде нан өндірісінің көлемі бір жылда 3 пайызға төмендегенБиыл Қазақстанда 342,4 мың тонна нан өндірілді. Нан бағасының өсімі 19,4%-ды құрады, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.
EnergyProm компаниясының зерттеуінше, нан өндірісінің төрттен біріне жуық бөлігі – 81,7 мың тоннасы Түркістан облысына тиесілі болған. Одан кейін Алматы қаласы (36,6 мың тонна) және Ақтөбе облысы (33,8 мың тонна) тұр.
Ең төменгі көрсеткіш Ұлытау мен Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Шымкентте тіркелді.
Жалпы, елімізде бір жылда нан өндірісінің көлемі 3 пайызға төмендеген.
«Нан бағасы бір жылда 19,4 пайызға өсті. Қара бидай нанының бағасы 24,7%-ға, жоғарғы сортты ұннан жасалған бидай наны 28,2%-ға, бірінші сортты ұннан жасалған бидай нанының бағасы 14,4%-ға, кесілген нанның бағасы 28,1%-ға өсті», - дейді сарапшылар.
Нан бағасы әсіресе Ұлытау облысында бірден 48,3%-ға өскен. Одан кейін Ақмола облысында 27,6% және Алматыда 25,8%-ға көтерілген. Өнім бағасы Солтүстік Қазақстанда ең аз – 2,6%-ға ғана қымбаттаған.
Жоғары сортты ұннан жасалған бидай нанының келісі қазақстандықтар 341 теңгеге, бірінші сортты ұннан жасалған нан келісін 195 теңгеден сатып алған.
«Осы жылдың екінші тоқсанында бір адам орта есеппен, бірінші сортты бидай ұнынан жасалған 7,5 келі, қара бидай мен қара бидай ұнынан жасалған 646 грамм нан тұтынған», - дейді зерттеушілер.
10 қазан 2022 ж. 744 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 144

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 200

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 169

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 148

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 163

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930