Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әуе компанияларының қызметі бір жылда 18%-ға қымбаттаған

Әуе компанияларының қызметі бір жылда 18%-ға қымбаттаған

Рейстер санының артуы Қазақстанға айына 1,5 млн доллар пайда табуға мүмкіндік береді. Елде әуе компанияларының қызметі өткен жылмен салыстырғанда шамамен 18%-ға өскен, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz-ке сілтеме жасап.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, Украинадағы жағдай мен Ресейге салынған санкцияларға байланысты елдегі әуе тасымалы және логистика секторын өзгерістер күтіп тұр. Көрші елдегі әуе кеңістігінің жабылуына байланысты әуе қозғалысы ағынының бір бөлігі Қара теңіз өңірінен Қазақстан аумағына өткен. Бір тәулікте елдің әуе кеңістігі арқылы бұрын жоспарланбаған 257 рейс орындалған. Еуропадан Қытайға және оңтүстік-шығыс Азияға оңтүстік бағыт бойынша рейстер санының артуы Қазақстанға айына қосымша 1,5 млн доллар пайда табуға мүмкіндік береді. ИИДМ Қазақстанның аэронавигациялық жүйесінің өткізу қабілеті қандай да бір шектеусіз әуе қозғалысының қосымша көлемін қабылдауға мүмкіндігі жететін атап өтті. Биыл ақпанның қорытындысы бойынша жолаушылар пайдаланатын әуе көлігінің қызметтері жылдық динамикада 17,7%-ға өскен. Елдің көптеген аймағында сектордағы бағаның өсуі айтарлықтай сезілген. Шығыс Қазақстан облысында баға бір жылда 45,7%-ға көтерілген. Сондай-ақ Маңғыстау (43,2%) және Түркістан (34,8%) облыстарының тұрғындары бағаның көтерілгенін сезген. Сондай-ақ Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында баға өзгермеген, ал Павлодар және Жамбыл облыстарында баға 14,2% және 22,2%-ға төмендеген. 2022 жылғы қаңтарда авиакомпаниялардың кірісі 20,9 млрд теңге болды, бір жылда плюс 6,6%. Кірістің басым бөлігі жолаушылар тасымалына тиесілі (20,4 млрд теңге). Жүк тасымалдаудан түскен табыс 534,8 млн теңге, жүргізушімен көлік құралдарын жалға беруден түскен табыс 215 млн теңге болды. Өткен жылдың ұқсас кезеңінде саладағы кіріс 40,8%-ға төмендеп, 19,6 млрд теңге болды. Биыл қаңтардың қорытындысы бойынша қазақстандық әуе компаниялар 527 мың жолаушы тасымалдаған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11%-ға аз. Жолаушыларды тасымалдау бір жылда 0,6% немесе 850,9 млн пкм-ге артқан. Ұшақ арқылы жүк тасымалдау айтарлықтай төмендеген. 2022 жылғы қаңтарда жүк пен багажды тасымалдау көлемі өткен жылмен салыстырғанда 53,2% немесе 1,2 мың тоннаға дейін азайған. Жүк айналымы 2,6 млн ткм – минус 52,9%.
09 наурыз 2022 ж. 346 0

Алматтың айтқандары

06 мамыр 2024 ж. 46

Табиғаттың тілі жоқ

05 мамыр 2024 ж. 91

Шаттық ұялаған шаңырақ

04 мамыр 2024 ж. 140

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 149

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031