Қазақстанның ақшасы қай елдерге кетті

Қаржы мониторингі агенттігі 2021 жылдың тоғыз айында қаражатты қайтармауға байланысты 47 қылмыстық іс болғанын хабарлады.
«Оның 10-ы аяқталды, сотқа үш іс жіберілді. Ақтайтын негіздер бойынша тоғыз процесс тоқтатылды. Аяқталған қылмыстық істер бойынша белгіленген залал сомасы 1,7 млрд теңгені құрады, оның ішінде 1 млрд теңгеден астамы өтелді», – деп атап өтті Қаржы мониторингі агенттігі.
Ведомство репатриация талаптарын бұза отырып, қаражат аударылған негізгі елдерге Қытай, Гонконг, Ұлыбритания және Түркия кіретінін хабарлады.
«Қазіргі уақытта оффшорлық юрисдикциялармен операцияларды қысқартудың 2020-2021 жылдарға арналған кешенді жоспары іске асырылуда. Оның мақсаты салық саясатын және осы бағыттағы әкімшілендіруді жетілдіру және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар жасаған мәмілелердің ашықтығын қамтамасыз ету болып саналады», – деп түйіндеді агенттік.