Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірнеше елдегі елшілерін тағайындады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірнеше елдегі елшілерін тағайындады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірқатар елдердегі Төтенше және Өкілетті Елшілерін тағайындады
Мемлекет басшысының жарлықтарына сәйкес, Ералы Тоғжанов Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. Ол бұл қызметте лауазымынан босатылған Бейбіт Атамқұловты алмастырды.
Ералы Тоғжанов 1963 жылғы 13 мамырда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1988 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін, 1994 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтын тәмамдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі – заңгер.
Еңбек жолын 1980 жылы Орал облысындағы Октябрь орман шаруашылығында жұмысшы болып бастаған. 2022 жылғы 31 тамыздан 2023 жылғы 5 қыркүйекке дейін Ақтөбе облысын басқарды. 2024 жылғы 16 мамырда Премьер-министр Олжас Бектеновтің кеңесшісі болып тағайындалды.
Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып Әлібек Бақаев тағайындалды. Осыған байланысты ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылды.
Әлібек Бақаев 1981 жылғы 9 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 2002 жылы "СК ТрансОйл" компаниясында бас маман болып бастаған. Дипломатиялық қызметін 2004 жылы Сыртқы істер министрлігінің Еуропа және Америка департаментінде референт қызметінен бастады. 2019-2022 жылдары Қазақстанның Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болды. Ал 2020 жылғы қаңтардан бастап Лихтенштейн Князьдігінде, Ватикан Мемлекетінде және Иерусалим, Родос және Мальтадағы Әулие Иоанн Госпитальерлерінің Егемен әскери ордені жанындағы Қазақстанның қоса атқарушы елшісі қызметін атқарды. 2023 жылғы тамыздан бері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болды.
Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып Амангелді Саинов тағайындалды. Бұл қызметті атқарған Ерлік Әли лауазымынан босатылды.
Амангелді Саинов 1976 жылғы 6 сәуірде дүниеге келген. Еңбек жолын 1997 жылы "Астана-Аудит" Орталық аудиторлық компаниясында бастаған. Әр жылдары Қазақстанның Австриядағы елшілігінде қызмет атқарып, сондай-ақ Сыртқы істер министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінде басшылық қызметтерде болды. 2015-2017 жылдары Сыртқы істер министрлігінің Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаментін басқарды. 2017-2021 жылдары Қазақстанның Германиядағы елшілігінің (Бонн қаласы) бөлімшесінде кеңесші қызметін атқарды. Қазақстанға оралғаннан кейін Сыртқы істер министрлігінің Қамтамасыз ету және құжат айналымы департаментінің директоры болып тағайындалды. 2021 жылғы 20 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі аппаратының басшысы қызметін атқарды.
2026 жылғы 17 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысының жаңа әкімін тағайындады. Бұл қызметке Есет Байкен келді.
22 шілде 2026 ж. 37 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031