Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 30-дан астам жаңа мамандық пайда болады

Қазақстанда 30-дан астам жаңа мамандық пайда болады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2026 жылғы 21 шілдеде өткен Үкімет отырысында автомобиль өнеркәсібі үшін 31 жаңа мамандық әзірленгенін, сондай-ақ қолданыстағы 22 мамандықтың жаңартылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрдің айтуынша, бүгінде жаңа мамандықтар мен құзыреттердің 9 салалық және 20 өңірлік атласы әзірленген.
""Машина жасау" және "Көлік және логистика" салалық мамандықтар атластары, сондай-ақ Қарағанды және Қостанай облыстарының өңірлік атластары машина жасау саласын тікелей қамтиды. Автомобиль өнеркәсібіне арналған жаңа мамандықтар атласының жаңартылған нұсқалары жобалаудан бастап өндіру, пайдалану, сервистік қызмет көрсету, логистика және қуаттау инфрақұрылымына дейінгі толық циклді қамтуға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде 31 жаңа мамандық пайда болып, қолданыстағы 22 мамандық трансформацияланады", – деді Саясат Нұрбек.
Әңгіме машина жасаудағы цифрлық технологиялар, машина жасау және өндірістік үдерістерді роботтандыру, инженерлік дизайн және машина жасау технологиялары, цифрлық машина жасау және зияткерлік өндірістік жүйелер, машина жасау және робот техникасы, сондай-ақ машина жасау және реверс-инжиниринг сияқты бағыттар туралы болып отыр.
"Осы бағыттардың негізінде жоғары оқу орындары өздерінің білім беру бағдарламаларын жаңартып жатыр. Бұл ретте кәсіпорындармен бірлесіп салалық мамандықтар атластарын жаңарту жұмысын жалғастыру маңызды. Сонымен қатар еліміздегі 73 мың кәсіпорынға ауқымды сауалнама жүргізілді, оның ішінде 92-сі автоөнеркәсіп саласына тиесілі. Алдағы үш жылда автомобиль өнеркәсібіне 10 201 инженерлік және жұмысшы кадр қажет болады", – деп толықтырды министр.
Бұған дейін Қазақстанда 2026 жылға ең сұранысқа ие мамандықтардың рейтингі жарияланған болатын.
21 шілде 2026 ж. 66 0

Ауылдың рухани айнасы

21 шілде 2026 ж. 72

Акцияға атсалысуда

21 шілде 2026 ж. 56

Әйел – ұлттың ұйытқысы

21 шілде 2026 ж. 69

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031