Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәміленің жарамсыздығы және мәміленің түрлері

Мәміленің жарамсыздығы және мәміленің түрлері

Азаматтық айналымның тұрақтылығы мен құқықтық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мәміленің маңызы ерекше. Күнделікті өмірде азаматтар мен заңды тұлғалар тұрғын үйді сатып алу, сату, жалға беру, сыйға тарту, қарыз алу, қызмет көрсету сияқты көптеген құқықтық қатынастарға мәміле жасау арқылы қатысады. Сондықтан әрбір азамат мәміленің қандай түрлері болатынын және қандай жағдайларда оның жарамсыз деп танылуы мүмкін екенін білуі қажет.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне сәйкес, мәміле – азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған ерікті әрекеті.

Мәмілелер бірнеше түрге бөлінеді. Біржақты мәміле бір тұлғаның еркімен жасалады. Оған өсиет қалдыру немесе сенімхат беру жатады. Екіжақты мәміле екі тараптың өзара келісімі арқылы жасалатын шарттар болып табылады. Ал көпжақты мәмілелерге бірнеше қатысушының келісімі негізінде жасалатын шарттар кіреді.

Сонымен қатар мәмілелер ақылы және ақысыз, нақты және консенсуалды, мерзімді және мерзімсіз болып бөлінеді. Әрбір мәміленің өзіндік құқықтық ерекшеліктері бар және олар заң талаптарына сәйкес рәсімделуге тиіс.

Заң талаптары сақталмаған жағдайда мәміле жарамсыз деп танылуы мүмкін. Азаматтық кодексте мәміленің жарамсыздығының бірнеше негіздері белгіленген. Атап айтқанда, мәміле заң талаптарына қайшы келсе, әрекетке қабілетсіз адаммен жасалса, алдау, күш көрсету, қорқыту немесе ауыр мән-жайлардың ықпалымен жасалса, сондай-ақ жалған немесе бүркеме мәміле болса, сот оны жарамсыз деп тануы мүмкін.

Жарамсыз мәміле құқықтық салдар туғызбайды. Әдетте тараптар мәміле жасалғанға дейінгі бастапқы жағдайына қайтарылады. Егер қайтару мүмкін болмаса, келтірілген мүліктің немесе оның құнының өтемі өндіріледі. Кейбір жағдайларда заңда көзделген өзге де құқықтық салдарлар қолданылуы мүмкін.

Сот тәжірибесінде азаматтардың мәміле жасау кезінде заң талаптарын толық сақтамауынан туындайтын даулар жиі кездеседі. Мұндай келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін мәміле жасар алдында құжаттардың дұрыстығын мұқият тексеріп, оның мазмұнымен толық танысып, қажет болған жағдайда заңгердің кеңесіне жүгінген жөн.

Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру – құқықтық мемлекеттің маңызды қағидаларының бірі. Әрбір азамат мәміле жасаудың құқықтық салдарын түсініп, заң талаптарын сақтаған жағдайда ғана өз құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді қорғай алады. Өз кезегінде соттар заң талаптарының сақталуын қамтамасыз етіп, азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бағытында заң аясында әділ шешім қабылдайды.

Мұрат Бектайұлы Оспанов,
Қызылорда облысы Қазалы аудандық сотының судьясы
22 шілде 2026 ж. 41 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031