Адам денсаулығына пайдалы тағамдағы витаминдер
Витаминдер өсімдік пен мал өнімдерінен алынатын азық - түліктерде болады. Адам әр түрлі тағам ішу арқылы өзіне қажетті дәрумендерді алып отырады. Күнделікті ішіп отыратын тағамдарымыздың кейбіреулерінің құрамында адам организміне аса қажетті дәрумендер жетіспейді. Демек, тағамда дәрумендер жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға жиі шалдығады.Соған қарағанда «Ас дәмімен тәтті» немесе « Ас жүрген жерде ауру тұрмайды» деп жұрт бекерге айтпаған. Дәрумендер адам өмірінің арқауы, онсыз адамның денсаулығы ойдағыдай болмайды, тіпті адам тіршілік ете алуы да мүмкін емес. Олай болса дәрумендерді қарапайым тілмен айтқанда тіршілік нәрі, өмір серігі деуге болады.Жеткілікті тамақтанудың салдарынан туындайтын аурудың себептерін алғаш ашқан орыс дәрігері Н.И.Лунин болды. Ол ал-ғаш рет тағам құрамында дәрумендердің болатындығын 1880 жылы дәлелдейді.Дәрумендерді латын алфавитінің бас әріптерімен А,В,С,Д,Е т.б белгілейді.Дәруменнің жетіспеу- шілігі ол денсаулықтың бұзылуы. Дәрумендер организмге тамақпен бірге түседі, сондықтан да тағамның құрамы сапалы болу керек. Кейбір дәрумендер А, Д, В12 жануартектес азық – түліктерде мол болады.
Дәрумендерге қажеттілік балалардың өсу кезінде, ауырған кездерде, стресс жағдайында артады. Кейбір жұқпалы аурудың микроптары дәрумендерді ыдыратады, мысалы: туберкулез таяқшасы В1 дәруменін ыдыратады. Дәрумендердің организмге сіңуі және белсенді формаға айналуы аш ішектің сілекейлі қабықшасына байланысты, себебі көпшілік дәрумендер осы жерде сіңеді, сондықтан да аш ішектің қызметінің бұзылуы авитоминозға әкеліп соғады. Сондықтан да дәрумендік препараттарды үнемі пайдаланып отыру тиімді.
Организмді дәрумендердің қажетті мөлшерімен қамтамасыз ету үшін олардың қандай азық – түлік құрамында мол болатындығын білу жеткіліксіз, сонымен қатар оларды тағам құрамында қалай сақтау жолдарында білуіміз керек. Қайнату, мұздату, кептіру, жарық т.б, факторлар дәрумендерге түрлі әсер етеді. Ең тұрақсызы С дәрумені. 60градусқа қыздырған кезде ыдырай бастайды. Ауа, күн сәулесі, ыл-ғалдылықтың жоғарылауы, бұл дәруменді ыдыратады. А дәрумені жоғары температураға төзімдірек, бірақ ауада оңай тотығады. Дәруменді қышқылдық ортада қайнатуға төзімдірек келеді, ол сілтілік ортада тез ыдырайды. В тобы дәрумендері кулинарлық өңдеу кезінде өте аз бұзылады. Е дәрумені жоғарғы температураға өте төзімді. Ұзақ сақтау, кептіру А,С дәрумендеріне кері әсерін тигізеді, ал Д, Е, В1, В2 дәрумендерге әсері болмайды.
Азық – түліктерді ауасыз, жарықсыз. Құрғақ, салқын жерде неғұрлым қысқа мерзімге сақтасақ соғұрлым көбірек құрамындағы дәрумендерде сақталады. Тамақты қақпағы жабық ыдысқа пісіру керек. Қалған тамақты қайта-қайта ысыту, дәрумендерді жояды. Ең негізгі тағамның түрі – сүт тағамдары. Сүт басқа ешқандай азық –түліктерге тең келмейтін аса бағалы тағамдық өнім. Сүтті қақпағы ашық ыдыста қайнату, оның құрамындағы дәрумендерді (А,С) азайтады
● Сүт: Құрамында протеин, көмірсулар, А витамині, магний, кальций, фосфор және көптеген минералдар бар.
● Сиыр еті: Құрамында протеин, В витамині, никотин қышқылы және ферум (темір) бар. Жұмыртқа сияқты мидың дамуында үлесі бар.
● Айран: Құрамында кальций, протеин, көмірсу, В витамині, мырыш және фосфор бар. Балғын жеміс қосып та беруге болады.
● Балықтар: Протеин, ниацин, В витамині, ферум және мырышқа деген қажеттілігін кетіре алады. Құрамында омега - 3 май қышқылы бар балық еті мидың дамуына және жүректің саулығына ықпал етеді.
● Жұмыртқа: Өте пайдалы азық түрі. Оннан астам витамин және минералдарға ие.
● Картоп: Құрамында калий, А витамині, С витамині, фоли қышқылы, кальций және ферум бар. Қант диабеті ауруына шалдыққандарға шипалы.
● Брокколи: Талшыққа толы болған брокколи, витаминдер мен минералдар қоймасы. Брокколиді піспеген түрде жеген пайдалырақ.
● Дәнді дақылдар: Нанда, крекерлерде және дәнді тағамдарда фоли қышқылы, мырыш, ферум және В витамині көп.
● Қаражидек: Денені ең жақсы азықтандыратын тағамдардан бірі. Құрамында калий, С витамині, көмірсу және антиоксиданттар бар.
● Ірімшік (Сыр): Жақсы тағам. Кальций, протеин және В12 витаминіне өте бай. Сүйек құрамында болатын фосфор да табылады
Осы аталған азық -түлікті күнделікті пайдаланып өз ағзамызды дірумендерге байытып ,денсаулығымызды жөндейік.
Адам ағзасына керек азық -түлікті пайдалуға кеңес айтамын.Денсаулығымызды күтейік.
С.М. Қарабалаева,
ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы»
ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының
Қазалы аудандық бөлімшесінің
зертхана маманы
ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының
Қазалы аудандық бөлімшесінің
зертхана маманы













