Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жылдық инфляция 8,4%-ке жетті

Жылдық инфляция 8,4%-ке жетті

Шілде айында азық-түлік бағасы – 0,7%, азық-түлік емес тауарлар – 0,5%, ақылы қызметтер 0,8%-ке өсті
Қазақстанда жылдық инфляция шілденің қорытындысы бойынша 8,4%, ал шілде айында 0,7% құрады.
Инфляцияға ең көп үлесті азық-түлік тауарлары қосты – жыл қорытындысы бойынша 11%, азық-түлік емес тауарлар 7,2%-ке қымбаттаса, халық үшін ақылы қызметтер 6,1%-ке өсті.

Қырыққабат бағасы – 12,6%, қызылша – 9,1%, түйінді пияз – 8,2%, күнбағыс майы – 4,2%, құс еті – 3%, қарақұмық жармасы – 2,6%, жылқы еті – 2,5%, қой еті – 2,4%, сиыр еті – 2,2%, шошқа еті, шай – 2%, жұмыртқа – 1,3%, құмшекер – 1%, ұн 0,9%-ке өскен. Темекі өнімдері – 4,1%, минералды және ауыз су – 1,2%, алкогольды сусындар – 0,8%, салқындатылған сусындар 0,7%-ке қымбаттады.
Ал картоп бағасы – 20%, қызанақ – 14,8%, қияр– 11,9%, сарымсақ – 6,8%, банан – 2,5%, сәбіз 2,2%-ке төмендеген.
Баға өсімі тұрмыстық аспаптарға – 1,7%, құрылыс материалдарына, ыдысқа – 0,9%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 0,6%, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 0,5%, киім және аяқ киімге, жеке қолданылатын тауарларға 0,4% құрады. Баллондағы сұйытылған газ – 2,1%, дизель отыны – 2%, бензин 0,9%-ке қымбаттады.

Санаторий қызметтеріне баға – 1,1%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 0,8%, кешенді демалу ұйымдарына – 0,7%, шаштараз бен сұлулық салондары, қонақ үй қызметтеріне 0,4% жоғарылады. Жолаушылардың әуе көлігімен жол жүру ақысы 9,9%, такси 1,2% қымбаттады.Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында электр энергиясы тарифі – 5%, суық су – 1%, суды бұру 0,7%-ке өсті. Тұрғын үйді күтіп ұстауға төлем 1,5%-ке көтерілді. 2021 жылдың маусым айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция 7,9% құрады (мамырда – 7,2%).
02 тамыз 2021 ж. 810 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930