Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда азық-түлік бағасы тағы қымбаттады

Қазақстанда азық-түлік бағасы тағы қымбаттады

Биыл он бір айда баға азық-түлік – 9,6%, азық-түлік емес тауарлар – 5,1%, ақылы қызметтер бағасы 3,8%-ке көтерілді.


Статистика комитетінің мәліметінше, қарашада (2020 жылғы қазан) бағаның өсуі күнбағыс майы – 10,7%, жаңа жиналған көкөністер – 8,5%, құмшекер – 6,8%, жұмыртқа – 4,6%, картоп – 3,8%, жармалар – 2,1%, айран – 1,1%, ұн – 1%, сүт, сары май – 0,8%-дан, макарон өнімдері 0,7%-ке қымбаттады.
Темекі өнімдері 0,6%-ке қымбаттады.
Ал тауықтың сирағы – 1,8%, алма – 1%-ке арзандаған.
Баға өсімі жеке көлік құралдарына арналған қосалқы бөлшектерге – 1,5%, ыдыс-аяқ – 1,4%, алтыннан жасалған зергерлік бұйымдар – 1,2%,жуғыш және тазалағыш құралдар – 1%, тұрмыстық аспаптар – 0,9%, киім және аяқкиім, жиһаз және үйге қажетті заттар – 0,7%-дан, планшеттерге – 0,6%, дәрі-дәрмек, жеке қолданылатын тауарлар, автомобильдерге 0,5% болды.
Қысқы дизель отыны 2,8%-ке арзандады. Баға деңгейі кинотеатрлар қызметтеріне – 6,2%, спорттық кешендер қызметтеріне – 1,3%, стоматологиялық қызметтеріне – 1%, моншаға бару, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 0,9%-дан, шаштараздар мен сұлулық салондар қызметтеріне 0,7% өсті.
Әуе көлігімен жол жүру ақысы 0,9% арзандады. Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер ыстық суға – 6,2%, орталықтын жылытуға – 4,5%, қоқыс шығару – 1,6%, суық суға – 0,9%, электр энергиясына – 0,5%, кәрізге – 0,2% өсті.


03 желтоқсан 2020 ж. 2 027 0

Деген екен

15 ақпан 2025 ж. 61

Бауыржанның батырлығы

15 ақпан 2025 ж. 63

Ол күндер ұмытылмайды

15 ақпан 2025 ж. 68

Ауғанның отты жылдары

15 ақпан 2025 ж. 67

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728