Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өткен жылы Қазақстанда не қымбаттады

Өткен жылы Қазақстанда не қымбаттады

Өткен жылы Қазақстанда бәрінен бұрын азық-түлік тауарларының бағасы көтерілді, олардың кейбірі үштен бірі есе шарықтаған.
Қазақстанда өткен жылы (2019 жылмен салыстырғанда) инфляция 7,5% болды. Сонымен қатар азық-түлік тауарлары 11,3%, азық-түлік емес тауарлар 5,5%, ақылы қызметтер 4,2% қымбаттады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының сайтында хабарланды.

Бір жыл ішінде қандай өнімдер қымбаттады

  • құмшекер – 33,9%,
  • күнбағыс майы – 33,7%,
  • жармалар – 28,7%,
  • жұмыртқа – 20%,
  • картоп – 16,8%,
  • ұн – 16,3%,
  • жаңа жиналған көкөністер, қой еті – 15,4%,
  • жаңа жиналған жемістер – 14,9%,
  • макарон өнімдері – 14,7%,
  • сары май – 13,6%,
  • жылқы еті – 11,9%,
  • мәйекті ірімшік – 11,4%,
  • шай – 11,2%,
  • мұздатылған балық – 10,1%,
  • сиыр еті – 10%,
  • сүт – 9,7%,
  • шошқа еті – 8%,
  • нан – 5,9%,
  • темекі өнімдері – 14,9%,
  • минералды және ас суы – 10,4%,
  • алкогольді сусындар 7,8% қымбаттады.
Тек тауық еті 5,7%, сөк 2,6%, күріш 1,7%-ке арзандаған.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен техниканың бағасы

2020 жылы мына заттар қымбаттады:
  • алтыннан жасалған зергерлік бұйымдар– 13%,
  • жуғыш және тазалағыш құралдар – 10,2%,
  • дәрі-дәрмек – 9,9%,
  • жеке қолданылатын тауарлар – 9,4%,
  • тұрмыстық аспаптар – 8%,
  • автомобиль – 7,3%,
  • ноутбук – 6,7%,
  • жиһаз және үйге қажетті заттар – 6,6%,
  • ыдыс-аяқ – 6,1%,
  • киім және аяқ киім – 4,8%,
  • тас көмір – 3,5%,
  • бензин – 2,5%.
Дизель отыны 6,6%-ке арзандады.

Қызмет көрсету бағасы қалай өзгерді

  • құқықтық қызметтер, жеке көлік құралдарын сақтандыру – 10%,
  • кинотеатр қызметтері – 8,1%,
  • шаштараз және сұлулық салоны қызметтері – 7,2%,
  • қоғамдық тамақтандыру қызметтері – 6,9%,
  • денсаулық сақтау қызметтері – 6,3%,
  • моншаға бару – 5,7%,
  • жерлеу қызметтері – 5,6%,
  • таксимен жол жүру ақысы – 6,8%,
  • жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау 4,2% қымбаттады.
Әуе көлігінің бағасы 6,2%-ке арзандады.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында баға қоқыс шығаруға – 20,5%, электр энергиясына – 6,5%, суық суға – 1%, ыстық суға 0,7% өсті, ал орталық жылытуға – 2%, кәрізге 1,4% төмендеді.

06 қаңтар 2021 ж. 2 533 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930