Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалы: Жол бойындағы бизнес қалай дамып жатыр?

Қазалы: Жол бойындағы бизнес қалай дамып жатыр?

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің бойында орналасқан кәсіпкерлік нысандардың жұмысын аралап көрді.

Аудан басшысы ең алдымен Майлыбас ауылдық округінің №99 бекетінің жанынан салынып жатқан қызмет көрсету кешенінің құрылысымен танысты.

Жалпы құны 100 млн теңге болатын кешенді жеке кәсіпкер Арзана Байсуғанова салып жатыр. Құрылыс жұмыстары аяқталған уақытта мұнда жолаушылар мен автокөлік жүргізушілеріне қонақ үй, монша, тамақтану орны,автотұрақ және шағын маркет қызметі жұмыс істейтін болады.


Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев мұнан соң жол бойындағы «Мирас» және «Арзан city» кешендеріне ат басын бұрды. 2017 жылы іске қосылған «Мирас» кешенінде 40 адамға арналған дәмхана, 20 орындық қонақ үй, дәріхана, шағын маркет, автокөлікке техникалық қызмет көрсету орталығы, жеңіл және жүк көліктеріне арналған тұрақ және жанар-жағар май құю бекеті бар.


Аудан орталығы – Әйтеке би кентіне жақын орналасқан «Арзан City» кешені де 2017 жылы ашылған. Мұнда «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің бойымен жүретін жолаушылар мен автокөлік жүргізушілеріне қажеттілердің барлығы да бар. Кешенде 120 адамға арналған кафе, 20 орындық қонақ үй, монша, автакөлік жуу орталығы, шағын маркет, автокөлікке техникалық қызмет көрсету орталығы 24 сағат жұмыс істейді.

Ұлы жолдың бойынан жақында тағы бір кәсіпкерлік нысан бой көтерді. «Қашқансу» учаскесінен жеке кәсіпкер Бақытбек Ерхатов жалпы құны 377 млн теңге болатын көпсалалы қызмет көрсету кешенін салып, ел игілігіне пайдалануға беріп жатыр. Бұл жердің бір ерекшелігі жазды күні кешеннің жанында орналасқан көлге шомылып, балық аулауға болады.


09 маусым 2021 ж. 1 115 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930