Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Зейнетақы жинақтарының сақталуына беретін кепілдігі өзгерген жоқ

Зейнетақы жинақтарының сақталуына беретін кепілдігі өзгерген жоқ

Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Нарматов Айдынжан айтты.
Оның ақпаратынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2013 жылы елімізде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры құрылып, оған зейнетақы активтерін шоғырландыру жұмысы аяқталды. Бұл ретте мемлекеттің зейнетақы жинақтарының сақталуына беретін кепілдігі өзгерген жоқ.
Зейнетақы жинақтарын ұлғайтуды қамтамасыз ету мақсатында 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап:
а) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімімен демалыста отырған жұмыс істейтін әйелдердің міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау жүргізілуде;
б) еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстарда істейтін қызметкерлердің пайдасына жұмыс берушілердің қаражаты есебінен 5 %-дық міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) енгізілді;
в) әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылуда.
Әйелдердің зейнеткерлікке ерте шығу мүмкіндігін сақтап қалу:
1) төтенше және радиация қаупі ең жоғары аймақтарда 1949 жылғы 29 тамыз бен 1963 жылғы 5 шілде аралығындағы кезеңде кемінде 5 жыл тұрған әйелдер 45 жаста;
2) 5 және одан көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 53 жаста; 
3) зейнетақы аннуитетін иемденген жағдайда зейнетақы жинақтары жеткілікті болса 50 жаста зейнеткерлікке ерте шыға алады,-деп атап өтті.

13 ақпан 2018 ж. 1 349 0

Санамдағы сағыныш

06 қыркүйек 2025 ж. 145

Екінші орынды еншіледі

06 қыркүйек 2025 ж. 137

Баспана һәм байыпты бастама

06 қыркүйек 2025 ж. 124

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930