Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Былтыр қазақстандықтар карталарынан 16,7 трлн теңге шешіп алған

Былтыр қазақстандықтар карталарынан 16,7 трлн теңге шешіп алған

Шешіп алынған қаражат көлемі карта санына шаққанда жылдан жылға төмендеп келеді. 2020 жылы еліміздің аумағында картадан шешіп алынған қаражат 16,7 трлн теңгені құрады. Бұл 2019 жылдан 5,2% жоғары, деп хабарлады inbusiness.kz ranking.kz-ке сілтеме жасап.
Соған қарамастан карта санына шаққанда шешіп алынған қаражат көлемі жылдан жылға төмендеп келеді. 2020 жылы ол 32,6%-ды құраса, 2019 жылы 54,5% еді. Ал 5 жыл бұрын бұл көрсеткіш 89,6% болатын. Бүгінде көпшілік қолма қол емес, картамен төлем жасауды құптайды. Өңірлер бойынша ең көп сома еліміздің қаржы орталығы - Алматыда шешіп алынған. 2020 жылы қала тұрғындары 3,5 трлн теңгені қолма қол қаржы ретінде айналымға қосқан. Одан кейінгі орында 1,8 трлн теңге көрсеткішімен елорда және 1,3 трлн теңге көрсеткішімен Қарағанды облысы. Әйтсе де қолма-қол ақша айналымы төмендегені анық. Еліміздің тек екі өңірінде картамен төлемге қарағанда қолма қол төлем сомасы жоғары. Олар Солтүстік Қазақстан және (53,6%) Шығыс Қазақстан (51,2%). Былтыр банкоматтардың көмегімен картадан қаржының 91,7%-ы шешіп алынған. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 86,5% болатын. Ақшаға шаққанда былтыр банкоматтардан 15,3 трлн теңге шешіп алынған.

25 наурыз 2021 ж. 2 829 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 36

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930