Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жасанды интеллект: қуаныш па, құрдым ба?

Жасанды интеллект: қуаныш па, құрдым ба?

Өміріңіз бақылауда тұрғанын білесіз бе?
Қате түсінбедіңіз. Сіздің өміріңіз бақылауда. Әр басқан қадамыңызды аңдып отыр. Қайтіп, қалай дейсіз бе? Онда айтайын. Кәдімгі қалта телефоныңыз арқылы кімге не жаздыңыз, кіммен сөйлестіңіз бәрі-бәрі тыңдалуда. Күнделікті ғаламторға кіріп, түрлі жүйелерді ақтарғаныңыз, Google, Yahoo, Apple, Microsoft, Facebook, YouTube, Skype сынды серверлерді пайдаланғаныңыз, оларға тіркелгеніңізге дейінгі мәліметтердің барлығы халықаралық қауіпсіздік комитеттерінде сақталады. Бұл жайында осыдан бірнеше жыл бұрын АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік агенттігінде жұмыс істеген Эдвард Сноуден барша әлемге жария етті.
Мектеп кезінен компьютерлік сауаты мол болғандықтан Эдвард Американың ұлттық қауіпсіздік агенттігінде админстратор болған. Сол арқылы АҚШ-тың құпиялы құжаттарына қол жеткізе алған. Оның айтуынша, АҚШ өзінің азаматтарының жеке басына ғана қол сұғып қоймай жоғарыдағы ірі компаниялар арқылы дүниежүзін бақылап, аңдуға алған. Әр адамның жеке өміріне бас сұғып, ақпарат жинау, телефонын тыңдау шектен асып кеткен.
– Егер сізде кез келген ақпаратқа қол жеткізу мүмкіншілігі болса сіз ойға кіріп шықпайтын сан мыңдаған ақпараттармен таныссасың. Оларды оқып отырып еріксіз ашуың келеді, жаның ашиды, бұл жүйені құртқың келеді де тұрады. Егер сіз қарапайым адам болып бұндай ақпаратпен таныссаңыз тек сол сәтте, сол мезетте мен кешкен сезімде боласыз, өйткені сіз ол ақпараттармен тек бір рет таныстыңыз, ал мен ондай мәліметтердің қаншамасын күн сайын, сағат сайын көзден өткіземін, – дейді Эдвард Сноуден атақты басылымдарға берген бір сұхбатында.
Оның айтуынша, АҚШ күніге 5 миллиард адамның қоңырауын жазып алып отырған.
Әрине мұның барлығы бүгінгі таңдағы жасанды интеллекттің, адамдардың өздерінің жеке басына қатысты құпияларын ашық-шашық күйінде ұстайтынын аңғартады. Сонымен қатар әлемде соңғы жылдары қарыштап дамыған жасанды интеллекттің жемісі екендігі сөзсіз.

Әлем чемпионы жеңіліс тапқан компьютер
Ғаламтор – бұл бір жағынан теледидар сияқты, сіздің әрбір ісіңізді көрсетіп отыратын айна. Смартфон мен ғаламторға үңіліп отырғанда сізге соның екінші бетінен біреу қарап отыр. Ол не деп ойлайсыз? Оны ғылым – «алгоритм» деп атайды. Жалпы мұның тарихы жуырда басталған жоқ. Өткен ғасырда, бүкіл әлемді дүнижүзілік соғыс оты шарпығанда ғылым ашқан жаңалық.
Жаһандық соғыс тұсында ағылшын математигі Алан Тюринг немістің құпия ақпаратын бұзып, оны шифрдан шығаратын машинасын құрастырады. Сол арқылы Германияның әскери-теңіз флотының хабарламаларына криптоанализ жасайтын ағылшын үкіметінің Hut 8 атауына ие тобына жетекшілік еткен. Ол немістердің Энигма аппаратының кодын бұзып, мыңдаған адамның өмірін сақтап қалады. Соғыстан кейін ағылшын ғалымы алгоритмдік анализ жасаумен айналысып, 1950 жылы компьютер интеллектінің деңгейін анықтайтын тест әдісін жасап шығарады. Тюринг тесті бүгінгі күнге дейін қолданылады.
Соғыс пен вертуалды әлемнен бөлек, жасанды интеллект көлік пен ұшаққа да, дүкен мен компанияларға, тіпті шахмат ойынына да араласты. Шахматқа қызығатын жандар әзірбайжанның атақты шахматшысы, «патшалар ойынынан» әлем чемпионы Гарри Каспаров пен «Deep Blue» компьютері арасында өткен ойынды біледі. Ол жолы компьютер шахматтың шебері болып алғаны сондай Каспаровтың өзін тас-талқан етіп жеңді.
Мұнан соң адам баласы шахмат ойнауда копьютерге қарсылас болудан қалды.
2017 жылы желтоқсанда ерекше жаңалық болды. Бұл жолғы шахматтық бәсеке жасанды интеллекттер арасында өтті. Әлемге әйгілі Google-дың AlphaZero бағдарламасы Stockfish 8 бағдарламасын ұтты. Соңғысы компьютерлер арасында 2016 жылғы чемпион болатын. Ол адамзаттың шахмат ойыны пайда болғалы бері жинаған және компьютер шахматының соңғы онжылдықтардағы бай тәжірибесіне ие еді. Мықтылығы соншалық, 1 секундта 70 миллион шахмат жүрісін білетін. Қарсыласы АlphaZero-ның жылдамдығы секундына 80 операция ғана әрі бағдарлама жасаушылар оған шахмат стратегиясын, тіпті қарапайым дебюттерді де үйретпеген. Есесіне AlphaZero машиналық оқытудың ең соңғы принциптерін қолданып, өзімен-өзі ойнап жаттыға берді. Соған қарамастан, ол Stockfish-пен ойнаған 100 ойынның 28-ін жеңіп, 72-сінде тең түсті. Бірде-бір рет жеңілмеген. АlphaZero ешбір адамнан ештеңе үйренбегендіктен, оның жеңіс әкелген жүрістері мен стратегияларының көбі адам үшін қалыптан тыс көрінді. Бұл жүрістерді кемеңгерлік жүріс деп айтуға болады.
Шахматты басынан бастап үйреніп, Stockfihs 8-бен ойынға әзірлену үшін оған төрт-ақ сағат уақыт кеткен. Осылайша ғасырлар бойы адамзат ақыл ойының шыңы саналып келген ойын компьютерлік бағдарламаға түк те емесін аңғарамыз.

Адам қиялының жемісі
Жаңа технология қарыштап дамығаны көптеген адамдарды жұмыссыз қалдыруы мүмкін. Бұл жайында әлем ғалымдары қызу пікірталас тудырып келеді. Мәселен, жүргізушілердің біразы жол ережелеріне енгізілген соңғы өзгерістерді білмегендіктен, тәртіпті көп бұзады. Оның үстіне әр көлік жеке басқарылатындықтан, екі көлік бір қиылысқа тап келгенде, рөлдегілер бір-бірінің ойын әртүрлі түсініп, соның кесірінен соқтығысуы мүмкін. Ал қиылысқа тақап келген пилотсыз көліктің әрқайсысы жеке басқарылмайды, олар – ортақ алгоритмнің бір бөлігі. Сондықтан бір-бірінің ойын түсінбей қалу ықтималдығы өте төмен, демек жол апаты аз. Қазір жол оқиғасынан жылына 1,25 миллион кісі апат болады. Бұл соғыс, қылмыс, терактілерден қаза табатындардан екі есе көп. Соның 90 проценті адамдар кінәсінен екен.
Келесі мүмкіндік Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа аурулардың шыққанын хабарласа немесе зертхана жаңа дәрі жасап шығарса, жер бетіндегі барлық ақ халаттыны бұл өзгеріске бейімдеу мүмкін емес. Ал егер сізде әрбір адамды жеке бақылап отырған 10 миллиард жасанды интеллект-дәрігер болса, олардың бәрін қас-қағым сәтте жаңалыққа бейімдей алмайсыз, әрі олар жаңа ауру немесе дәрі туралы пікірлерін бір-біріне айта береді. Осы орайда дәрігерлердің көбі жұмысының басым бөлігін ақпаратты өңдеу, денсаулық туралы мәлімет жинап, оны сараптайды, диагноз қояды. Мұндай жұмыстардың барлығын жасанды интеллект жасаған уақытта олардың да қызметі жеңілдейтіні айқын.
Бұл тек бүгінгі таңда әлемнің саусақпен санарлық елдерінде ғана эксперимент ретінде жасалынып жатқан іс қана. Ол жаппай сыйпат алып, кең қолданысқа түскен уақытта көпшілікке жаңа мүмкіндік пен жеңілдік сыйлары сөзсіз.

Дайындаған
Е.АЙДАРБЕК
11 ақпан 2020 ж. 1 636 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 61

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930