Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сіздің Gmail поштаңызды өзгелер де оқи алады. Оған өзіңіз рұқсат бергенсіз

Сіздің Gmail поштаңызды өзгелер де оқи алады. Оған өзіңіз рұқсат бергенсіз

Google компаниясы тек алгоритм емес, өзге қосымша жасаушылар да Gmail арқылы жазған жеке хабарламаларды кейде оқи алатындығын растады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі bbc.com сайтына сілтеме жасап.
Өз аккаунтына белгілі бір қосымшаларды қосып алған адамдар ештеңені ойламастан қосымша жасаушыларға өзінің электронды жазбасын қарауға рұқсат беріп қоюы мүмкін. Сондай компанияның бірі Wall Street Journal басылымына бұл жай тәжірибе және индустрияның «лас құпиясы» деген болатын.
Өз кезегінде Google корпорациясы бұған жауап ретінде бұл тәжірибе компания ережесіне қайшы келмейді деп мәлімдеген.
Gmail – әлем бойынша ең танымал электронды пошта сервисі, оның 1,4 млрд тіркелген қолданушылары бар.
Google қолданушыларына өзге де қосымшаларды өз аккаунтына қосуға рұқсат береді, мәселен билетке тапсырыс беруде және тауарлардың бағасын салыстыруда көмектесетін. Мұндай жағдайда қосымшаларды жасаушы олардың пошта жәшігінің ішіндегісіне рұқсат алуға келісім бере ме деп сұрайды.
Wall Street Journal басылымы жазғандай, кейде мұндай келісімдер қосымшаны жасаушы компанияның қызметкерлері қолданушылардың жеке хаттарына рұқсат алады дегенді білдіреді. Әдетте мұндай жағдайда электронды поштаға компьютерлік алгоритмдер сканерленеді. Алайда бірнеше компания Wall Street Journal-на олардың қызметкерлері мыңдаған имейлді оқитынын жеткізген.
Edison Software Ltd компаниясы аталған басылымға жаңа қосымша жасау үшін жүздеген адамның электронды хатын оқығандығын айтқан. Ал - eDataSource Inc – фирмасы болса өз алгоритмін жақсарту үшін қолданушылардың жеке электронды хаттарын қарағандын айтып берген.
Бұл компаниялар қолданушылардың Gmail электронды поштасына кіру үшін айрықша рұқсат сұрамағандықтарын жеткізген, өйткені қосымшаны орнату арқылы қолданушылар оған автоматты түрде келісім берген.
«Келісімнің барлық шарттарын қарау үшін бірнеше апта кетуі мүмкін. Шарттар тізімінде бұл көрсетілуі мүмкін, алайда мұны дұрыс деп қабылдауға келмейді. Сіздің жеке хабарламаңызды басқа біреудің оқығаны дұрыс емес», - дейді Суррея университетінің профессоры Алан Вудвард.
Google жеке хабарламаларға қолданушылардың өзі келісім берген жағдайда ғана тексерілген компаниялар рұқсат алды деген уәж айтады.
Компания Gmail қолданушыларына аккаунттарында нақты қандай қосымшалар тіркеліп тұрғанын көру үшін «қауіпсіздікті тексеру» бөліміне кіріп, сол жерден рұқсатты алып тастауға кеңес береді.

04 шілде 2018 ж. 1 745 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930