Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2020 жылы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмек қалай беріледі?

2020 жылы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмек қалай беріледі?

2020 жылдан бастап мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек жаңа тәртіппен беріледі.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалада, астанада белгіленген кедейлік шегінен аспайтын адамға немесе отбасыға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде беріледі (Нұр-Сұлтанда 2019 жылдың ІІ тоқсандағы күнкөріс деңгейі – 36 283 теңге, 2019 жылдың ІІІ тоқсанға кедейлік шегі – 25 398 теңге).
2019 жылы – мұқтаждық шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50%-тен 70%-ке дейін көтерілді. Осыған орай, атаулы әлеуметтік көмекті алуға жан басына шаққандағы табысы 25 398 теңгеден төмен отбасылар құқылы. Атаулы әлеуметтік көмек 25 398 теңге соммасы мен жан басына шаққандағы табысының айырмасы ретінде тағайындалады. Бірақ балалар мұқтаждық шегі мен жан басына шаққандағы табысының айырмасын емес, ал оның толық сомасын = ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ін (25 398 теңге) алады.
2019 жылдың тоғыз айында елордада атаулы әлеуметтік көмек 7303 отбасыға немесе 36515 адамға,  2,6 миллиард теңге сомасында төленді. 2018 жылмен салыстырғанда алушылар саны 7,9 есе өсті (2018 жылы 924 отбасы және 4601 адам). Бір адамға атаулы әлеуметтік көмектің орташа мөлшері 6 848 теңгеден 16 446 теңгеге дейін 2,5 есе өсті (орта есеппен атаулы әлеуметтік көмек отбасыға 90 мың теңгеге жуық шығады).
Мұқтаж отбасылар мемлекет тарапынан қолдау алды, оның жартысына жуығы көпбалалы отбасылар болды. Кейбіреулері аз қамтылғандар санатынан шықты.
Табысын жасыру және бизнесінің болуы, атаулы әлеуметтік көмекті алу шартын бұзу фактілері де кездесті. Мысалы, атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз тағайындауға алып келген 339 отбасы өзінің нақты табысын жасырғаны анықталды. Бұл бойынша шаралар қабылданды және мемлекеттік органдар бұрын тағайындалған атаулы әлеуметтік көмекті қайта есептеуге және тоқтатуға мәжбүр болды. Мемлекеттің атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудағы негізгі ұстанымы  –   көмекке шынайы мұқтаж азаматтарға көмектесу. Мемлекет бірінші кезекте балаларға және көпбалалы отбасыларға көмектеседі. Еңбекке қабілетті азаматтар жұмыс істеуі керек, мемлекет жұмысқа орналасуға немесе кіші бизнеспен айналасуға жәрдем береді.
Бұл мақсаттағы кешенді шаралар үш бағытты құрайды.
Біріншісі – көпбалалы отбасыларды жеке санатқа шығару және оларға кепілдендірілген жәрдемақыны ұсыну. Бұл – көпбалалы аналарды жағдайына және әлеуметтік статусына қарамай авторитетін мойындау және елімізде бала туу көрсеткішін жоғарылатады. Көпбалалы отбасылар үшін республикалық бюджет есебінен мемлекеттік жәрдемақы енгізіледі. Бұл мемлекеттік жәрдемақыны төлеу отбасының табысына тәуелді болмайды және барлық көпбалалы, яғни төрт және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар отбасыларға төленеді.
Екіншісі – аз қамтылған санаттағы азаматтарды қолдау және оларды еңбекке ынталандыру. Атаулы әлеуметтік көмек аз қамтамасыз етілген, соның ішінде көпбалалы отбасыларға төленеді. Критерийі өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-і деңгейінде қалады. Атаулы әлеуметтік көмек мөлшері бұрынғыдай жан басына шаққандағы орташа табыс пен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% арасындағы айырма ретінде төленетін болады. Бұл ретте, табысы жоқ отбасылар биылғы мөлшермен бірдей алатын болады.
Үшіншісі – отбасының еңбекке қабілетті мүшелері жұмыс істеуі керек және отбасы үшін жауапкершілікті сезінуі тиіс. Ол үшін атаулы әлеуметтік көмек шартты ақшалай көмек түрінде көмек көрсетіледі және бірінші кезекте аз қамтылған отбасылардағы жұмыссыз азаматтарға бағытталатын “Еңбек” жұмыспен қамту бағдарламасының потенциалын максимал қолданады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардың еңбек әлеуеті ынталандырылады, олардың кірістерін арттырып, әлеуметтік жағдайларын жақсартатын кәсіпкерлікке тарту үшін мүмкіндік пен жағдай жасалады.

13 қазан 2019 ж. 1 665 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031