Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Даулы оқиғадан соң Роза Әлқожа інісін жек көріп кеткенін айтты

Даулы оқиғадан соң Роза Әлқожа інісін жек көріп кеткенін айтты

Роза Әлқожа өзінің туған інісі Әбдіжаппар Әлқожаның даулы оқиғасынан кейін ән салмауға шешім қабылдаған. Әнші өзін өнерден біраз уақыт шектеп тастағаны жайлы "7" арнаның "Гу-гу-лет" бағдарламасында айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Әбдіжаппардың мәселесіне байланысты көп адам түсінбей қалды. "Қан араласты" деген сөзді дұрыс қолданбағаны үшін Әбдіжаппар кінәлі болып кетті. Ол бұрыннан қолданылып келе жатқан сөз.

Мен күйеуге кетерде де, "Қараға бермейміз" деп бүкіл ауыл шулаған. Өздері... Бұл қазақтың өзінің ескі сөз тіркесі. Мен ойлап тапқан жоқпын, Әбдіжаппар ойлап тапқан жоқ.

Бірақ Әбдіжаппардың қателігі сол жерде абайлап, ойын жинақтап, барынша басқаша жеткізуі керек еді.

Маған ауыр тиді. Ата-анама сөз тигеннен кейін болды ғой енді. Ары қарай ән салмаймын, шықпаймын деп өзімді біраз уақыт шектеп тастадым.

Күллі елді жек көріп кеттім. Өзімді, інімді жек көріп кеттім. Сондай жағдай болды. Содан кейін енді қалпыма келдім. Не істеймін? Өмір бар ғой.

Менің балаларым бар, анамын, әйелмін. Бес бірдей балапаным бар, содан кейін қайтадан орнымнан тұрдым", - деді ағынан жарылды Роза Әлқожа.

Естеріңізге сала кетейік, Әбдіжаппар Әлқожа сұқбат барысында қожалар туралы байтып, елдің сынына ұшыраған болатын. Оған қоса, белгілі заңгер әншіні айтқан сөздері үшін жауапқа тарту керектігін алға тартқан.

Ел арасында қызу талқыланып, үлкен дауға ұласқан мәселеге қатысты өз пікірін Әбдіжаппар Әлқожа видео үндеу арқылы жеткізбек болған. Өнер иесі өз әрекетін түсіндіріп, шын мәнінде не айтқысы келгенімен бөлісті.
23 мамыр 2019 ж. 8 936 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 85

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930