Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сандар арқылы өмірлік серігіңді таны

Сандар арқылы өмірлік серігіңді таны

Адамды қинап жақсы көргізу мүмкін емес. Сондықтан махаббатты бере алатын жақын жаннан іздеңіз. Осы тұста нумерология өзіңді жақсы танып, жақын жанды табуға, сізге қандай адам сай келетінін және қарым-қатынасты қалай нығайтуға болатынын көрсетеді. Ол үшін серігіңіздің аты-жөнін, әкесінің атын, сондай-ақ туған күні, айы, жылын білсеңіз болғаны.

Адамның туған күнінің өзіде ол туралы көп ақпарат бере алады. Соның ішінде бір-бірімен үйлесетін сандардың белгілі бір топтары бар. Оларға мына үшеуі жатады:
1, 5, 7–осы күндерде туған адамдардың ойлары бір жерден шығады. Олар тәуелсіз, ерекше тұлғалық және түпнұсқалық қасиетке ие. Бұл сандағы серіктестер бір-бірін сөзсіз түсінеді. Бірақ олардыүйленуге көндіру қиын. Өйткені ол өзінің еркіндігін жоғалтудан қорқады.Егер оған қол жеткізе алсаңыз, оны үй шаруасына «байлап» қоймауға тырысыңыз. Өзін тордағы құс сияқты сезінбес үшін аздап еркіндік бергейсіз. Бұл топқа кез келген айдың 1, 5,7,10,14,16,19, 23,35 және 28 жұлдызында туылғандар кіреді. Байқасаңыз, бұл қатарда екі таңбалы сандар да бар. Нумерология заңдылығы бойынша кез келген күрделі санды бір-біріне қосу арқылы бір таңбалы санға айналдырамыз.

ОНЫ ҚАЛАЙ ЕСЕПТЕЙДІ? Мысалы: айдың 10 жұлдызында туылса, 1+0=1, демек 10=1, 23 =2+3=5, демек, 23 = 5.
2, 4 және 8. Бұлар өмірге іскерлік көзқарасы бар адамдар. Олар тұрақтылық пен іскерлілікті жақсы көреді. Нақты нәтижесі көрінетін іспен айналысқанды ұнатады. Өте сезімтал және эмоционалды. Өзгелерге тәуелді, жалғыздыққа шыдамайды және әрдайым қарым-қатанаста болуды қатты қажет етеді. Айдың 2,4,8,11,13,17,20,22,26,29 немесе 31 санында туған адамдар осы сипатқа сай келеді және өмірдің тиімділік жағы қабылдауға бейім.
3, 6және 9–бұлар шығармашылықромантикалық және руханилық сандары.Бұл сандардың иелері болашақ жұбайына үлкен талап қояды. Әдетте некелі жұптарын мінсіз етіп көреді. Сондықтан да оларға өмірлік серік таңдау қиындау. Егер ол адамды тапса, өмірінің соңына дейін адал болып қалады. Өз идеалын жолықтыра алмаса серегін жиі ауыстырады. Бірақ өзін бақытты сезінбейді.Егер сіз романтик жанды іздесеңіз, айдың 3, 6, 9, 12, 15, 18, 21, 24, 27 немесе 30 жұлдызында туылғандармен жиі араласыңыз.
 
Енді туған күнге айдың санын қосыңыз. Мысалы, 18-тамыз: 1+8+8=17; 1+7=8. Шыққан санның нәтижесі арқылы серігіңіздің мінезіндегі басқа қырын біле аласыз.
 
1.Тәкаппар, тәуелсіз, еркі күшті адам. Ол басқа адамға бағынышты бола алмайды. Оны сынап-мінеудің мәні жоқ. Қайта оны аздап мақтап қойсаңыз, жақсы нәтижеге қол жеткізесіз.
2.Сезімтал, нәзік және арманшыл серіктес. Оны бір нәрсеге көндіру оңай. Мұндай адамдар отбасы – ошақ қасына өте жақын, қарым-қатынаста жылулықты бағалайды. Бірақ өте өкпелегіш және жараланғыш. Өкпе-ренішті ешқашан ұмытпайды.
3.Бұл адаммен ешқашан іш пыспайды. Ол махаббатта жомарт және сүйіспеншілікке ынтық адам. Бірақ қарым-қатынаста жаңышылдықты және әзіл-қалжыңды қажет етеді. Үйреншікті жағдай оның махаббат сезімін тез суытып жібереді. Сын сөзді жақтырмайды және ақыл-кеңес бергенге шыдай алмайды. Есесіне кез келген өтінішіңізді қуана-қуана орындауға дайын жан.
4.Бұл серіктес кездейсоқ жақындықты мүлде қаламайды. Оған махаббатта тек адал және сенімді қарым-қатынас қажет. Мұндай адаммен басыңыздағы қиыншылықпен және іштегі мұңмен бөлісе аласыз. Ол сізге мәселені шешуге және қайғыны сейілтуге көмектеседі. Бірақ оның мәселесіне бей-жай қарағаныңызға шыдай алмайды.
5.Махаббатта күтпеген жерден, аяқ асты болған ерекше құбылысты бағалайды. Бұл серіктестің өзі тұнған энергия. Оған аса құлшыныс және шыдамсыздық тән. Ол сіздің сезіміңіз үшін күресуден ешқашан бас тартпайды. Егер оны шынайы көңілмен қабылдасаңыз, сізге адал және мейірімді дос бола алады. Бірақ оны біреу көмекке шақырса, жанындағы сізді ұмытып, одан ешқашан бас тартпайды.
6.Бұл тартымды және сүйгіш романтик, кез келген адамды қармағына түсіруге қабілетті. Әрдайым қамқорлық пен сүйіспеншілік танытып отыруды талап етеді. Тұрақсыз қарым-қатынастар оны теңгерімнен оңай шығара алады. Ол сенімді дос. Бір кемшілігі – өз пікірін әрқашан дұрыс деп естептейді.
7.Шын берілген, адал серік. Оның кеңесіне құлақ асуға болады. Оған тәуелсіз және талапшыл мінез-құлық тән. Өте құпия адам. Жүрегінің түкпірінде өте эмоционалдыжан болғанымен, сезімін сыртқа шығаруы оңай емес. Мұндай адамдарды көпшілік жерге баруға мәжбүрлей берудің қажеті жоқ. Оған кейде жай ғана оңаша қалу қажет болады.
8.Ең мейірімді адам. Ылғи өзіне қарағанда басқаларға көп көңіл бөледі. Іскерлігінің арқасында өмірдің материалдық жағын ешқашан елеусіз қалдырмайды. Ол өте сенгіш. Осы мінезі жарға жықса да, еңсесін түсірмейді. Кейін тағдырдың өзі марапаттайтынына сенеді. Жақсы көрсе, бар жан тәнімен сүйеді. Бірақ жек көргенде де, дәл солай жек көре алады.
9.Жанашыр жанды іздесеңіз, бұл сандағы адам аяушылық танытуға қабілетті. Махаббатта сезімтал және серіктесін мінсіз кейіпте елестетеді. Үйлену туралы шешім қабылдарда біреудің пікірін тыңдап, көп ойланады. Нағыз махаббатын жолықтырса, бар өмірін соған арнауға даяр. Жұбайлық өмірге өте байыппен қарайды.

04 мамыр 2019 ж. 2 236 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 32

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930