Танымал спортшының анасы мен досы Крайстчерчдегі терактіден кейін исламды қабылдады
Жаңа Зеландияның танымал боксшысы мен регби ойыншысы Сонни Билл Уильямс көпшілікпен айрықша жаңалығымен бөлісті. Белгілі болғандай, спортшының анасы мен досы жақын арада ғана ислам дінін қабылдаған.
Айта кетерлігі Сонни Билл Уильямстың өзі ислам дінін 2009 жылы қабылдаған екен.
Ал оның анасы мен досы Офа Туунгафаси болса Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласындағы терактіден соң мұсылман дінін қабылдағанды жөн көріпті.
Бұл жаңалықты спортшының тағы бір досы Джон Фаунтин өзінің желідегі парақшасына жариялапты.
"Алла ұлық. Бүгін Сонни Билла Уильямстің анасы мен оның командалас досы Офа Туунгафаси ислам дінін қабылдады. Алла бар істеріне сауап берсін, әумин", - деп жазба қалдырған ол.
Еске салар жайт, Офа Туунгафаси – Тонга аралдарының тумасы болып табылады. Ол жаңа зеландиялық All Blacks тобының ойыншысы.
Спортшы мұндай шешімге Крайстчерчдегі терактіден зардап шеккен жергілікті мешіттердің біріне барған соң келген.