Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыз-жорамал: Биылғы жылыңыз қалай өтеді?

Жұлдыз-жорамал: Биылғы жылыңыз қалай өтеді?

 Тышқан
(1936, 1948, 1960, 1972, 1984, 1996, 2008)
Тышқан жылы туғандар 2019 жылдың иесімен бірден-ақ тіл табысып кетеді. Бұл кезең трамплин секілді болмақ. Көлеңкеден шығып, өзін көрсететін уақыт келді. Бұл – бұрыннан қол жеткізе алмай жүрген арман-мақсаттарды жүзеге асыруға таптырмас жыл. Бұл жылы дүниеге келгендердің көбісі білектің күшімен емес, ақылмен жасайтын жұмыстардан көбірек табыс табады. Әрдайым сүйікті адамдардың жанында болады. Жұбайыңыздан жыл соңында керемет сыйлық күтіңіз. Жалғызбастыларды жыл басында немесе күз мезгілінде жаңа таныстықтар күтіп тұр. Өз интуицияңызға сеніп, өмірлік серігіңізді табасыз. Тышқандардың 2019 жылы денсаулығында айтарықтай кінәрат болмайды. Тек жүйке жүйеге салмақ салатын жайттардан, жұмыстардан аулақ жүру жеткілікті. Жаз уақытында фас-футтар мен алкогольді сусындардан абай болыңыз. Қаржылық тұрғыдан  аса қинала қоймайды. Тек жыл басында аздап таршылық көруі мүмкін. Бірақ байбалам салып, қарызға батып кетпесеңіз, бұл қиындықтан жылдам құтыла аласыз.  Ал жұмыста барлық жауапкершілікті өзіңізге алып, бас-көзсіз шапқылай бермеңіз. Тек көңіліңіз қалаған шаруалармен айналысқан жөн. Әріптестеріңізбен жақсы қарым-қатынастың пайдасы тиеді.
Сиыр
(1937, 1949, 1961, 1973, 1985, 1997, 2009)
2019 жыл бизнесте үлкен табыста, жұмыста зор жетістікке жеткізеді. Сиыр жылы туғандар өз эмоцияларын іште қалдырып, сыртқа тек позитив береді.  Бұл жылы Сиырларға табандылық пен жауапкершілік өте-мөте қажет болады. Шығармашылық қырыңыз ісіңіздің алға өрлеуіне көмектеседі. Доңыз жылы – жұмыс ауыстырудың, материалдық ахуалыңызды көтерудің ең оңтайлы уақыты. Отбасылы адамдарды тағы бір «бал айы» күтіп тұр. Сол секілді бала күтіп жүргендердің арманы орындалды. Ал бойдақтардың өз теңін табуға жақсы мүмкіндік бар. Жыл бақытты сәттерге толы болмақ. Денсаулығы да жақсы болады. Дегенмен салауатты өмір салтын ұстанған артық етпейді. Тағы бір айта кететін жайт, болар-болмас жайттың бәріне күйіп-пісудің қажеті шамалы. Нақты қойылған мақсаттар биікке шығарады. «Міндеттелген» жұмыстар мен «осылай істелуі керек» деген тапсырмалардан жақсылық күтпеңіз. Көп жұмыс атқаруға өзіңіздің қабілетіңіз де жетіп жатыр. Көбіңізді іссапарлар мен үйден тыс жобалар күтіп тұр. Алғашқы жарты жылдықта қаржылық жағынан тұрақсыздық болады. Абыржымаңыз, шілде айынан бастап бәрі реттеледі.
Барыс
(1938, 1950, 1962, 1974, 1986, 1998, 2010)
Биыл сізді қолдаушылар жеткілікті болады. Бұл жылы сізге өткір ақыл, аңғарымпаздық сияқты қабілеттер көмектеседі. Сонымен қатар айналаңыздағылар сіздің ақылыңызға жүгініп, жөн сұрайды. 2019 жыл саяхаттауға, қала ауыстыруға керемет мүмкіндіктер береді. Жалғызбастылар көре алса, «бақыттары» қасында жүр. Оларға тек аса жоғары талабын төмендеткен дұрыс. Сол секілді, кітапхана, театр, көрме секілді орындарға жиі барғаны жақсы. Белсенді өмір салтын ұстанушы жандардың денсаулығы сыр бермейді. Ал жалпы Барыс жылы туғандар үшін басты проблема – тыныс алу жолдары. Бірдеңеден сезіктенген жағдайда кейінге шегермей дәрігерге қаралып жүріңіз. Өзіне қызық емес жұмысқа сирек келісетіндіктен олар жаны сүйетін немесе басшылық қызметке әуес. Сондай-ақ, қаржылық тапшылық болмайды деуге болады. Өзіңіздің аңғалдығыңызды біле тұра, елдің бәріне сене бермеңіз.
Қоян
(1939, 1951, 1963, 1975, 1987, 1999, 2011)
2019 жыл Қоян жылы туғандарға позитив сыйлайды. Алайда көздеген мақсатқа жету үшін барынша еңбектенетін боласыз. Кейбірі өз кәсібін ауыстырса, бірі қаланы, бірі имиджін өзгертеді. Бастысы таусылмас күш пен қажырлы қайрат қана сіздің екі қанатыңыз болып, алға жетелейді. Жыл иесі Қояндарға жаңа кездесулер мен тосын сыйлар дайындап отыр. 2019 жыл отбасы құруға ыңғайлы жыл. Отбасындағы тыныштықты орнату әркімнің өз қолында болады. Қайталана беретін күнделікті өмірді қызықты кештерге толтырыңыз. Жұмыстағы қатаң талап пен іссапарлар отбасы шырқын бұзуы мүмкін.Уақытылы демалып, ұйқы тыныштығына мән беру – денсаулығыңызды жақсартады. Биыл әртүрлі жағдаяттардың арасынан баланс іздеу керек. Айналаңызда сенімді адамдар болса, қызметте жетістіктер күтіп тұр. Басшылық еңбекқор адамдарды бағалайды. Жұмыс іздеп жүргендерге жақсы қызметке орналасу мүмкіндігі бар.
Ұлу
(1940, 1952, 1964, 1976, 1988, 2000, 2012)
Ұлу жылы туғандарға айналасында болып жатқан оқиғалар қатты әсер етеді. Сондықтан байсалды, оптимизмді жүретін жандармен достасатын боласыз. Көбісі бұл жылы жаңа қызметке ие болып, қаржылық мәселелерін реттеп, ескі арманын жүзеге асырады. Бойдақтарда жаңа таныстықтар міндетті түрде болады. Отбасылы жандарға Доңыз жылы сезім толы тостаған ұсынды. Тек уысыңыздан шығарып алмаңыз. Жүйкеге түсетін салмақ күнделікті жұмыстан шаршатуы мүмкін. Дер кезінде демалыс алыңыз! Қуырылған тамақтардан бас тартып, көкөніс пен жеміс-жидекке ден қойса, артық проблемалар болмайды. Бұл жылды нақты жоспарлармен бастаған дұрыс. Сіздің ауқымды ойлау, шешім шығару алдындағы батылдық секілді қырларыңыз ашылуы мүмкін. Алға ұмтылушылығыңыз бен еңбексүйгіштігіңіз қаржылық жағдайды тұрақты етеді. Көп табыс жаңа заттарды алуға деген қызығушылығыңызды тым оятып жіберу мүмкін.
Жылан
(1941, 1953, 1965, 1977, 1989, 2001, 2013)
Жыл иесі осы жылы сіздің әрекеттеріңізді сүйіспеншілікпен бақылайтын болады. Оған сіздің сырлы образыңыз, сұлулығыңыз, мақсатқа беріктігіңіз ұнайтын болады. Өмірді өзгертуге көптеген мүмкіндіктер беріледі, бірақ оны пайдалану өз қолыңызда! Ақылға жүгінген жұмыстарда сіздің фантастикалық идеяларыңызды іске асыруға 2019 жылдың көмегі болады. Көбі ғылым, бизнес пен саясатта жоғары жетістікке жетеді. Бұл жыл болашақты жоспарлаудың тиімді жолдарын ұсынады.Жыландардың көбі отбасыдан бөлек, мансапқа көңіл бөледі. Сол себепті отбасы мен жұмыс арасындағы тепе-теңдікті сақтауға тура келеді.  Бұл белгідегі жалғызбастылар өмірлік серігін табуы ықтимал. Отбасылы жандар үшін 2019 жылдың басты проблемасы қызғаныш болуы мүмкін. Сол сияқты бала тәрбиесінде де қиындықтар кездеседі. Жыландардың жұмысбастылығы күйзеліске түсіруі мүмкін. Ситуацияны қолда ұстамаса жүрек пен жүйке жүйесіне ауыртпалық түседі.2019 жылы қаржы, ғылым, ІТ-технологияда қызмет ететіндердің жұлдызы жанады. Сол сияқты жерге, ауыл шаруашылығына қатысты кәсіп табысты болмақ. Ал қаржылық тұрақтылығыңыз бұл күнге дейінгі табысыңызға тікелей байланысты.
Жылқы
(1942, 1954, 1966, 1978, 1990, 2002, 2014)
2019 жылы жұмысқа қабілеттілік, белсенділік, алға ұмтылушылық пен жауапкершілік Жылқы жылы туғандарға аса қажет болады. Уақытыңызды босқа өткізбей, пайдалы істерге жұмсасаңыз, жыл соңында жетістіктер күтіп тұр. Жылқы жылында туғандарды жақын адамдарының үлкен махаббаты күтеді. Доңыз жылы жартысын іздеген жандарға «сыйлық» дайындап отыр. Егер қарым-қатынасыңызда шиеленіс болып, кетудің ыңғайын таппай жүрсеңіз, ойланбаңыз. Бұл жағдайды жеңіл өткізетініңізге уәде береміз (мұндай қадамды он ойланып барып жасаңыз). Тек жұмысқа берілген адамдарға ғана отбасында ұрыс шығуы мүмкін. Сол үшін жақын жандарыңызға көбірек уақыт бөліп отырыңыз.Көбінің тез ренжігіштігі жүрекке салмақ түсіреді. Жұмысбастылықтан аулақ болып, өзіңіздің жаныңыз сүйетін саяхатқа, табиғатқа шығып тұрыңыз. Сізге табиғат энергиямен жақсы қамтамасыз еткен. Өз энергияңызды дұрыс пайдаланып, саламатты өмір салтын ұстаныңыз.Биыл жұмыс жеткілікті. Оның өтемақысының да жақсы екеніне күмән жоқ. 2019 жыл сіздің есіңізде өте сәтті уақыттың белгісі ретінде қалады. Көбісін қызметте өседі. Басқа да жүктелген жұмыстардан қашпаңыз.
Қой
(1943, 1955, 1967, 1979, 1991, 2003, 2015)
2019 жыл жақсы жаңалықтарға толы болады.  Бірақ ол үшін барынша күш-жігер жұмсау керек. Жауапкершіліктің арқасында жұмыста да, жеке өміріңізде де ісіңіз алға өрлейді. Жинақы бола алмауыңыздың зардабын көріп те жүрген боларсыз.Қой жылы туғандардың айналасында көз салып жүрген адамдар көп. Ол жалғызбастылар үшін таңдауда қиындық туғызса, отбасылы жандардың қарым-қатынасына кері әсер етеді. Қызғанышқа жол бермеңіз. Өмірлік серігіңізбен бірге жасалған қадам отбасылық іргеңіздің бекуіне ықпал етеді. Бойдақтар таңдауда көп бас ауыртып, нақты шешім шығара алмай қамығуы мүмкін. Жүрегіңізді тыңдаңыз. Асықпаңыз. Шалыс қадам шырқыңызды бұзады.Белсенді өмір салтын ұстанған адамдардың денсаулығы мықты болады. Тек жүйкеңізді сақтаңыз. Күйгелектік жүрек-қан тамыр ауруларының белең алуына итермелейді. Уақыт тапшылығына қарамай, достарыңызбен жиі кездесіп, театрға барып, саяхаттап тұрыңыз. Жақын жандарыңызбен әңгімелесу сіздің ішкі жан дүниеңізге жылулық сыйлайды.2019 жылы қаржыдан тапшылық көрмейсіз. Аспа-төк байлыққа кенелмесе де, үнемдеп жүрудің қажеті болмайды. Ол үшін әрине қажырлы жұмыс істей білу керек.
Мешін
(1944, 1956, 1968, 1980, 1992, 2004, 2016)
Жыл иесі көңілді әрі алғыр Мешін жылы туғандарды жаны сүйеді. Сондай-ақ оған сотқар, айналасындағыларын әрқашан күлдіріп жүретіні ұнайды. Бұл жыл бір орында отыра алмайтын адамдарды көп саяхатқа алып шығады. 2019 жыл шығармашылық пен махаббат тұрғысынан сәтті болмақ. Жалғызбастылар үшін  өз жұбын табуға арналған жыл болғалы тұр. Сіздің назды қылығыңыз бен әңгімешілдігіңіз махаббат әлемінде өз көмегін тигізеді. Алайда ондай жанды ойын-сауық орындарынан іздемеу керек. Барлық істі өзіне алу қасиетіңіз күйзеліске түсіруі мүмкін. Онымен қоса, қан қысымы мен ұйқы мәселесі туындайды. Бұл мәселелерден спорт, йога, табиғат аясында серуендеу құтқарады. Жұлдыздар сүйек пен бұлшықет жүйесіне сақ болуға шақырады. Омыртқа жотасы мен буындар да әбігерге салып жатса, дәрігерге уақыт өткізбей жазылып қойыңыз.2019 жылы белсенділік пен ынта сізді биікке шығарады. Көбісін Доңыз жылында табысқа кенелтетін жаңа жұмыс орны күтіп тұр. Жаңа қызметке бірден кірігіп, әріптестеріңізбен тез тіл табысатыныңызға ешкім күмән келтірмейді.
Тауық
(1945, 1957, 1969, 1981, 1993, 2005, 2017)
2019 Тауық жылы туғандарға игіліктер мен мол табысқа жеткізеді. Әйткенмен оған жету жолы маңдай терді талап етуі мүмкін. Байсалды болыңыз. Жыл басы аса қиын соғады. Жүктелген міндеттің көптігінен мезі боласыз. Одан қорқудың қажеті жоқ. Көктем бастала сала, өз өміріңізді реттеп, қалаған жұмысыңызбен айналысуға мүмкіндік туып тұр. Капитал салымын көп талап ететін жобаларға жүгірмеуге тырысыңыз. Доңыз жылы отбасы бақытын сақтау үшін қызғаныш пен орынсыз талаптардан аулақ болыңыз. Жақын жандарыңызға ашық әрі шынайы болыңыз. Бұл серігіңізге моральдық қолдау береді. Сол секілді жұлдыздар 2019 жылы шаңырақ көтергендердің некесі берік болатынына уәде береді. 2019 жылы Тауық жылы туғандар ас қорыту жүйесіне назар аударған жөн. Дұрыс тамақтанып, майлы тағамдар мен алкогольді сусындардан бас тартыңыз. Міндетті түрде белсенді өмір салтына көшіңіз. Жұмыстың көптігі шаршатып, қысымыңызға кері әсер етіп жатса, дер кезінде достарыңызбен балық аулауға шығып, боулинг ойнап, уақытыңызды пайдалы өткізіңіз.Қызметте өзін көрсете алғандарды жақсы табыс күтіп тұр. Тек өзіңіздің еңбеккерлігіңізді бар қырынан ашып көрсету керек. Жұмысыңыз кіріс әкелмей жатса, басқа кәсіппен айналысып көріңіз. Үмітіңіз міндетті түрде ақталады.
Ит
(1946, 1958, 1970, 1982, 1994, 2006, 2018)
Өткен Ит жылында басталған ісіңізді Доңыз жылында ешқандай проблемасыз жалғастыра бересіз. Шығыс жұлдыз жорамалы 2019 жыл жақсы жаңалыққа толы болады дейді. Тұрақтылыққа үйренген Ит жылы туғандар өмір сүру ырғағын аздап өзгертуіне тура келеді. Жұмыста не отбасында кикілжіңдер туындап жатса, ақылыңыз бен шыдамдылығыңызға сенім артыңыз. Ит жылында туғандар отбасыға берік жандар. Осы беріктігі міндетті түрде жақсылықпен қайтады. Егер отбасында біреуі Ит жылында дүниеге келген болса, перзент күтсін. Қытай жұлдызшылары Доңыз жылында туған бала интеллекті жоғары, жігерлі, интуициясы дамыған болады дейді. Ал жалғызбастылар саяхатта өз серігін кездестіреді деген болжам жасайды. 2019 жылы Ит жылында туғандардың бауыры сыр беруі мүмкін. Сол үшін майлы тағамдар мен фастфудтардан аулақ болыңыз. 2019 жыл – сіздің қалтаңыз қалыңдайтын жыл. Тек жұмыстағы белсенділігіңіз төмендемесін. Бұрыннан армандап жүрген көлікті алып, баспаналы боласыз. Жұмыс ауыстыруды көздеп жүргендерге жаңа жол ашылады. Жұлдыздар қызметіңізде жаңа жетістіктер күтіп тұр дейді.
Доңыз
(1947, 1959, 1971, 1983, 1995, 2007, 2019)
Доңыз жылы туғандардың айы оңынан тумақ. Оған таң қалудың еш қажеті жоқ, Себебі Бұл жыл сіздікі емес пе? Өз қалауыңызды кейінге шегермей, бүгіннен бастап жүзеге асырыңыз. Сіздің сарқылмайтын оптимизміңіз, жеңіл әзілдеріңіз бен еңсеңіздің ешқашан түспейтіні бұл жылы көп кедергілерге төтеп беруге жәрдемдеседі. Биылғы жыл отбасындағы тұрақтылықты жоғары бағалайды. Жақын жандарыңызға көңіл бөліп, сезім беріктігін сақтай түсіңіз. Бала сүйе алмай жүргендер армандарына жетеді. Ал бойдақтар жанына қажет адамды іздеуге аса жауапкершілікпен қарасын. Имиджін өзгертіп, спортзалға жазылудың пайдасы тиеді.
Доңыз жылында туғандардың көбі ұзақ жасаушылардың қатарына кіреді. Алайда олардың біршамасы уақытын бос өткізуге бейімдеу келеді. Қимыл-тірек аппаратында проблемалар туындамау үшін белсенді өмір салтын сақтаңыз. Дене шынықтыруға көңіл бөліңіз. 2019 – сіздің жылыңыз. Күш сала білсеңіз, әріптестеріңіз бен достарыңыздың арасында абыройыңыз артып, қызметте өсу баспалдақтары күтіп тұр. Сіздің болашағыңыз осы жылы жасалған жұмыстарға тікелей байланысты. Хоббиіңіз жақсы кіріспен қамтамасыз етуі ықтимал. Ақшаны қалай оңай тапсаңыз, жұмсалуы да солай болады. Сол себепті қаржылық мәселеге ерекше көңіл аударыңыз. Қарыз бен несиеге жоламауға тырысыңыз.
aqmeshit-zhastary.kz
27 наурыз 2019 ж. 1 509 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 89

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930