Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Адам өмірін ұзартатын сусын табылды .

Адам өмірін ұзартатын сусын табылды .

Қытай аумағындағы Хэнань провинциясында археологтар ежелгі зираттан даос мифтерінде аты аталатын, аңызға айналған «өлместің сусынын» тапқан.

Батыс Хан әулетінің (б.з. д. 202 ж. - б. з. д. 8 ж.) бейітінен өткен жылдың қазан айында 3,5 литрлік құмыра табылған. Ал ішінде шараптың жеңіл иісі бар сұйықтық болған. Алайда, сусынға жүргізілген зерттеу оның Үнді селитрасы мен квас тас ерітіндісінің қоспасы екенін көрсетті. Қазба жетекшісі Пан Фушэн айтқандай, бұл заттар «өмір эликсирінің» негізгі қоспалары ретінде ежелгі даос әдебиетінде сипатталған. «Бұл – Қытайда мифтік «өмір эликсирін» табудың алғашқы оқиғасы», деді Лоян мәдени реликвиялар және археология институтының басшысы Ши Цзяньчжен. «Бұл – мәңгілік өмір және Қытай өркениетінің жалпы эволюциясы туралы ежелгі қытайлықтардың түсініктерін зерттеуге көмектесетін үлкен құндылық», деді ол.
Бұл құмырадан басқа көлемі 210 шаршы метр болатын қорымда қола артефактілер, сондай-ақ түрлі саз ыдыстары мен нефритті әшекейлер табылды. Зираттағы Қытай ақсүйектерінің сүйектері де жақсы сақталған. Өмір эликсирі Екі мың жыл бойы сақталған эликсир сәл сарғыш реңкті, мөлдір сұйықтық сияқты көрінеді. Алғашқы кезде археологтар оны шарапқа ұқсатқаны тегін емес. Ежелгі қорымдардан күріш және дәндерден жасалған шарап ыдыстарын табуға болады. Сусынды шыны ыдысқа құйып, оның құрамын зерттегенде, шарап емес, калий нитраты мен алунит қоспасы екені анықталған. Қазір калий нитраты өнеркәсіпте фейерверктер мен тыңайтқыштар өндіру үшін кеңінен қолданылады. Мұндай сусынды көптеген көне мәдениеттерден табуға болады.
Ежелгі қытай нұсқасында оның құрамына алтын, сынап, мышьяк және басқа да жеуге жарамсыз, тіпті, улы заттар қосқан. Дегенмен, ғалымдардың айтуынша, адамдардың бұл эликсирді шын мәнінде ішкен-ішпегені белгісіз. Ол жерлеу рәсімінің бір бөлігі ғана болуы мүмкін.
www.ktk.kz/kz

15 наурыз 2019 ж. 1 908 0

Бау-бақшасы жайқалған

30 наурыз 2025 ж. 244

Жеңімпаз атанды

30 наурыз 2025 ж. 240

Асық ойнаған озады

29 наурыз 2025 ж. 251

ҰШҚЫР ДОП ШЕБЕРІ

29 наурыз 2025 ж. 238

Келіннің ақылы

29 наурыз 2025 ж. 239

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31