Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыр диагнозбен туылған сәби ағзалары науқас балаларға берілді

Ауыр диагнозбен туылған сәби ағзалары науқас балаларға берілді

АҚШ-тың Теннесси штатының тұрғыны құрсағындағы нәрестесінің дамуында үлкен ақау барын білген. Алайда ол сәбиінің ағзаларын науқас балаларға беру үшін, оны өмірге әкелді. Бұл туралы KRDO басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Криста Дэвис жүктілігінің 18-аптасында жүргенде оның құрсағындағы сәбиіне анэнцефалия диагнозы қойылған. Сәбидің дамуындағы мұндай ақау кезінде үлкен ми сыңары, бас сүйегінің бір бөлігі болмауы мүмкін. Әдетте, мұндай ақауы бар сәбилер 30 минуттан ұзақ өмір сүрмейді.

Алайда Дэвис жүктілігін тоқтатудан бас тартты. Ол сәбиін босанып, оның ағзаларын науқас балаларға берді.

Ол салмағы 2,72 келі болатын қыз баланы босанды. Жаңа туған нәресте бір аптадан кейін шетінеп кетті. Оның жүрегінің клапандары науқас балаларға берілді. Ал өкпесін анэнцефалияның алдын алудың әдісін іздеп жүрген зерттеушілер алды.
13 ақпан 2019 ж. 1 245 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031