Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар жүзімнің ешкім күтпеген пайдасын ашты

Ғалымдар жүзімнің ешкім күтпеген пайдасын ашты

Женева университетінің ғалымдары жүзім құрамындағы фенолдық қосылыс – ресвератрол өкпе қатерлі ісігін емдейтін қасиетке ие екенін анықтады, деп хабарлайды РИА Новости Science Daily порталына сілтеме жасап. Бұл қасиетті анықтау үшін зерттеушілер тышқандарға тәжірибе жүргізді. Кеміргіштердің біраз бөлігін темекі түтінінде болатын канцерогенмен улайды. Артынша ресвератролмен емдейді. Сынаққа қатысқан тышқандарды төрт топқа бөлген: Бірінші топқа канцероген де, ресвератрол да бермепті, екінші топқа – екі затты да бірден берген, ал тағы екі тышқанға екі заттың біреуін ғана беріпті.
Ғалымдардың айтуынша, бұдан бұрын ресвератролға жүргізілген зерттеулер өкпе қатерлі ісігін емдейтін қасиетін анықтамаған. Мамандар оның себебін былайша түсіндіреді: зат тышқандардың аузына құйылғандықтан, өкпесіне жетіп үлгермеген. Сол кезде олар процесті жеделдету үшін, затты мұрын арқылы енгізіп көреді, сонда ғана ресвератролдың пайдасы дәлелденеді. Белгілі болғандай, "ем алған" тышқандарда ісіктің көлемі екінші топтағы кеміргіштердікімен салыстырғанда 45 пайызға кішірейген.
ult.kz
08 қазан 2018 ж. 2 053 0

Қамданған қапы қалмайды

24 қараша 2026 ж. 70

Үш парақ

24 қараша 2026 ж. 65

Ұлт тағдырындағы ұлы күн

24 қараша 2026 ж. 64

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30