Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сал ауруына шалдыққан оқушыны өртепті

Сал ауруына шалдыққан оқушыны өртепті

Санкт-Петербор қаласындағы Приморский ауданында жеткіншектер №246 мектептің 5-сыныбында оқитын мүгедек баланың үстіне жанармай құйып, оны өртеп жіберген деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.
Жайсыз жағдай Петербург қаласының Приморский ауданында №246 мектеп оқушысы сабақтан үйіне қайтып келе жатқан кезде болған. №635 мектептің жоғары сынып оқушылары он бір жастағы баланы соңынан аңдып, кейін оны өздерінің үстінен шағым түсірді деп кінәлаған. Шабуыл жасаған оқушылар арасында қыз бала болған.
11 жасар жәбірленушінің ата-анасы ұлдарын қорлау бұған дейін 2 рет осыған ұқсас жайт болғанын айтып отыр. Бірінші ретте олар оны электрошокермен ұрса, екінші ретте бетіне бояу жағып кеткен
Жоғары сынып оқушылары ұстаздардан ұрыс естіп, кейін осы үшін кек қайтарғылары келген екен. Оқушылар 11 жасар баланың үстіне жанғыш сұйықтық құйып, кейін өртеп жіберген.
Жәбірленуші сырт киімі мен рюкзагын дереу шешіп үлгеріпті. Осының арқасында оның денсаулығына айтарлықтай зиян келмеген. Шошынған баланы оқиғаға куә болған өзге оқушылар үйіне дейін апарып тастады. Оның ата-анасы болса дереу полицияға арыз жазған. Олар балаларына күн көрсетпейтіндерді жазалауды талап етіп отыр. Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, балаға кімдердің шабуыл жасап жүргендері белгілі болды. Жуырда олар тиісті жазаларын алады.
26 қыркүйек 2018 ж. 1 096 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 52

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930