Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Канададағы орман өрті: 10 млн гектар жер күлге айналды

Канададағы орман өрті: 10 млн гектар жер күлге айналды

Канадада көлемі 10 миллион гектардан астам орман өртенді. Өртенген жер аумағы Исландияның жерімен тең келеді. Қазіргі таңда Канадада 900-ге жуық өрт болып жатыр, деп хабарлайды egemen.kz
Бұған дейін елдегі ең ірі өрт 34 жыл бұрын тіркеліп, 7,6 миллион гектар орман өртеніп кеткен. Канада үкіметі азаматтарға биылғы рекордтық өрт маусымы әлі аяқталмағанын ескертті. Жоғары ауа температурасы жаздың соңына дейін сақталады.
Дәл қазір Канадада 900-ге жуық өрт тіркелді, соның салдарынан шамамен 70 миллион адам түтіннен зардап шегуі мүмкін. Канаданың батысындағы өрттен шыққан түтін шығысқа қарай АҚШ-тың солтүстігіне өтіп, Алабаманың оңтүстігіне жетуі ықтимал.
Солтүстік-батыс аймақ билігі 15 шілдеде Британдық Колумбиямен шекаралас Форт-Лиард маңында 10 гектар аумақты алып жатқан өртті сөндіру кезінде бір өрт сөндіруші қаза тапқанын хабарлады. Шенеуніктер өрт сөндірушінің аты-жөні мен өлім себебін жарияламады.
13 шілдеде 19 жастағы медицина студенті және өрт сөндіру бригадасының мүшесі Девин Гейл Ревелсток аймағында 10 гектар аумақтағы өрт сөндіру бойынша жұмыс істеп жргенде, үстілеріне жанып жатқан ағаш құлап, қайтыс болды.
«Елдегі өрттердің ауқымына қарамастан, өрт сөндіру бөлімдеріндегі өлім салыстырмалы түрде сирек кездеседі», деп жазды The Guardian басылымы.
18 шілде 2023 ж. 322 0

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 39

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 53

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031