Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркиядағы өрт ошақтары бақылауға алынды

Түркиядағы өрт ошақтары бақылауға алынды

Түркияны есеңгіреткен орман өрті сөндірілді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жергілікті билік барлық өрт ошақтары бақылауға алынғанын хабарлайды. Елдің Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығының министрінің айтуыша, шамамен 300-ге жуық өрт ошағы ауыздықталған. Қазір қалыпқа келтіру жұмыстары басталды. Естеріңізге салайық, Түркиядағы алапат орман өрті өткен айдың 28-і басталған еді. Тілсіз жау мыңдаған гектар жасыл желекті күлге айналдырды. Апаттан Анталья мен Мугла провинциясындағы курорттың аймақтар да зардап шекті. Өрттен 8 адам мерт болып, 850-ден астам тұрғын зардап шекті. Бекир Пакдемирли, Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы министрі: - Ел аумағындағы барлық өрт ошақтары бақылауға алынды. Апат кезінде жоғары дайындықта болдық. Бар күшімізді біріктіре алдық. Қазір ел іші бұрынғы қалыпты жағдайға орала бастады. Табиғаттың тосын мінезі енді елдің солтүстік өңіріндегі тұрғындарды әуре-сарсаңға салды. Салдарынан 17 адам қаза тапты. Ондаған тұрғын жарақат алған. Алапат тасқыннан Бартын провинциясында көпір опырылып түсті. Апаттан жүздеген баспана топан су астында қалды. Аймақ жұрты жарықсыз отыр. Тасқын судың ағымы жолдағының бәрін шайып тастаған. Қауіпті өңірлерден құтқарушылар тұрғындарды эвакуацияланды. Уақытша лагерьлерге көшірілгендерге тиісті жәрдем көрсетіліп жатыр.
13 тамыз 2021 ж. 726 0

Жас өрендер жетістігі

17 наурыз 2026 ж. 34

Амал – айтулы мереке

17 наурыз 2026 ж. 28

Тәттіден қауіп келмесін

17 наурыз 2026 ж. 41

Өнегелі өмір иесі

17 наурыз 2026 ж. 42

Наурыз келді, құт келді

17 наурыз 2026 ж. 43

Маңызды ақпарат

16 наурыз 2026 ж. 109

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031