Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ДДСҰ Қытайдан коронавирустың жаңа толқыны туралы мәліметті жасырмауға шақырды

ДДСҰ Қытайдан коронавирустың жаңа толқыны туралы мәліметті жасырмауға шақырды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытай билігін коронавирустың жаңа толқынына қатысты деректерді жариялаудан бас тартпауға шақырады. Мұндай мәлімдеме коронавирустан қайтыс болғандардың ресми саны анықталғаннан кейін жасалды. Осы мәліметтерге сәйкес, желтоқсан айынан бері COVID-19-дан туындаған тыныс алудағы проблемалардан 5,5 мыңнан астам адам ажал құшты. Тағы 55 мыңға жуық адам аталған инфекция қоздырған түрлі сырқаттардан көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл ретте Қытай эпидемияның кезекті шарықтау шегі артта қалғанын, жаңадан тіркелген науқастар саны желтоқсан соңындағы көрсеткішпен салыстырғанда 83 % азайғанын айтып отыр.Қытай билігі санитария талаптарын тағы да жеңілдеткенін хабарлады. Гонконгқа жүрдек пойыздың қозғалысы қалпына келтірілді. Халықтың жаппай наразылығына байланысты ел үкіметі COVID-19-ға «нөлдік төзімділік» саясаты аясындағы өзге бірқатар шектеуден бас тартқан болатын. Осыдан кейін вирус жұқтырғандар қайта көбейіп, Қытайға келетіндерге жаңа халықаралық шектеулер енгізілді.
Бұған дейін Қытай коронавирустан бір айда 60 мыңға жуық адам мерт болғанын хабарлаған еді.
16 қаңтар 2023 ж. 545 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 85

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 81

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 81

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 75

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 151

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930