Қытайлар ерекше электромобиль жасап шығарды
Қытайдың «Singulato» автомобиль бренді артқы есіктері қозғалыс бағытына қарсы ашылатын 7 орындықты «iS6» кроссоверін жасап шығарды. «Singulato» – 2014 жылы Пекинде негізі қаланған «Zhinche Auto» компаниясына қарайтын бренд. Жасап шығарылған автомобиль толықтай электр энергиясымен қозғалады. «iS6» темір тұлпарына 349 ат күшіне ие қозғалтқыш орнатылған. Оның максимал жылдамдығы сағатына 400 шақырым. Жақын арада аталған компания өзінің екінші автомобилі – «Singulato iM8»ді жасап шығармақшы.
Massaget.kz