Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Амстердамда сағыздан аяқкиім шығарылды

Амстердамда сағыздан аяқкиім шығарылды

Амстердамда табаны сағыздан дайындалған әлемдегі алғашқы кроссовка – "Gumshoe Amsterdam" жасап шығарылды. Осы аяқкиімді жасауда қала көшелерінен жиналған сағыз пайдаланылған.
Аталған жоба "Iamsterdam" маркетинг компаниясы тарапынан жүзеге асырылған. Мұндағы мақсат қаланың ластануына жұрт назарын аудару болған. Белсенділер көшелерден сағыз жинап, оларды аяқкиім шығарушы "Explicit" компаниясына апарған. Нәтижесінде табаны сағыздан престелген кроссовкалар жасалды. Жақын арада бұл кроссовкалар сатуға шығарылады. Бірақ, нақты бағасы белгілі емес.
Статистика мәліметеріне сүйенсек, Нидерландия астанасы көшелерінен әр жылы 1,5 миллион келі сағыз жиналады. Бұл жерде сағыз қалдықтары темекі тұқылынан кейінгі 2 орында тұратын, қаланың ластануына себеп болатын мәселелердің бірі. Эколог ғалымдардың мәліметінше, сағыз қалдықтары ұзақ уақыт, орташа есеппен 20-25 жыл сақталатын қоқыстар қатарына жатады.

29 сәуір 2018 ж. 1 410 0

Тағзым мен тағылым

20 мамыр 2025 ж. 301

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031