Конституция
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еуропа өрт пен құрғақшылықтан жапа шегіп жатыр

Еуропа өрт пен құрғақшылықтан жапа шегіп жатыр

Грекияда өткен тәулікте кем дегенде 53 орман өрті тіркелді. Ыстық ауа райы жаңа өрттерді тудыруы мүмкін. Жүздеген адам қауіпті аймақтардан эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.
Өрт сөндірушілер елдің шалғай аудандарында, Лесбостың оңтүстігіндегі Дадия ұлттық саябағында және Батыс Македония аймағындағы өртпен арпалысып жатыр. Табиғи апат болған аудандарға Үкімет мүшелері келді. «Әрі қарай біз өрттің оңтүстік-батыс шетіне барып, жұмыс нәтижесін бақылаймыз, өрттің таралуын тоқтата алатын мүмкіндіктерді қарастырамыз», - деді климат дағдарысы және азаматтық қорғаныс министрі Христос Стилианидис. Испанияның Тенерифе аралында бейсенбі күні болған үлкен өрттен кейін 600-ден астам адам эвакуацияланды. Испанияда соңғы жылдары өрт салдарынан 140 гектардан астам табиғи көшеттер мен ауылшаруашылық алқаптары зардап шеккен. Аптап ыстық пен құрғақшылық салдарынан туындаған қауіпті жағдай Еуропаның оңтүстігінде ғана емес. Чехияның солтүстігінде, Дечин қаласының маңындағы табиғи паркінің аумағында да орман өрті шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, бүкіл Еуропада өрттің шығуына адам факторы себеп болып отыр.

25 шілде 2022 ж. 976 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930