Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Канадада дала өрті өршіп тұр

Канадада дала өрті өршіп тұр

Канаданың батыс және солтүстік-орталық аймақтарындағы бірнеше дала өртінен жүздеген адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz канадалық CBC News сайтына сілтеме жасап.

Пентиктоннан (Британ Колумбиясы) оңтүстікке қарай 40 км жерде болған өрттің күші түнде екі есеге ұлғайғандықтан жергілікті тұрғындарды тез арада эвакуациялауға тура келді. Үйін тастап кетуге мәжбүр болған адамдардың нақты саны әлі белгісіз. Бірақ олардың саны жүзден кем емес.

Онтарионың солтүстігіндегі Дир Лейктен тағы 500-ден астам адам тікұшақпен оңтүстік провинциядағы эвакуациялық орталықтарға жеткізілді. 
Өрттің ірі үш ошағы 20 000-100 000 га аумақты қамтыған. Салдарынан 2000 км қашықтықта орналасқан Оттавадағы ауа райы да нашарлады.
Эвакуацияланғандар Америка шекарасындағы қонақ үйге орналастырылған. Олар үйлеріне кем дегенде бір айдан кейін оралуы мүмкін.

21 шілде 2021 ж. 445 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 112

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930