Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дыбыстық сигнал не үшін қосылады?

Дыбыстық сигнал не үшін қосылады?

Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні шеңберінде 2022 жылдың 1 наурыз күні сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін Қазақстан Рес­публикасы бойынша азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін тексеру шарасы жоспарланған.
Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады. Осыған орай барша Қазақстан Республикасының азаматтарына айтарымыз, құлақтандыру жүйесін тексеру соңғы уақытта әлемде болып жатқан геосаяси жағдайларға қатысы жоқ. Бұл табиғи және техногенді төтенше жағдайлар бола қалса, ел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын өткізілетін шара. Дыбыстық сигналды естісеңіз, үрейге бой алдырудың қажеті жоқ, – делінген хабарламада.
«Баршаның назарына!!!» дыбыстық сигналы – бұл қауіп төнген немесе төтенше жағдай туындаған кезде барлық шұғыл хабарламаларды берудің алдында халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы.
Дыбыстық сигналды естіген кезде теледидарлар мен радиоқабылдағыштарды қосу керек, Интернет-ресурстардағы және мобильді қосымшалардағы ақпаратты туындаған жағдайда, одан әрі қандай әрекет ету керектігі туралы нұсқаулар алу үшін оқып шығу керек.
Сонымен қатар қауіпті өндірістік объектілер мен гидротехникалық құрылыс­тардағы жергілікті құлақтандыру жүйелерінің жарамдылығы тексерілетін болады.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
01 наурыз 2022 ж. 762 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031