Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ірі қара мал егіз туса, не істеу керек?

Ірі қара мал егіз туса, не істеу керек?

Біздің ауылда таяуда мынадай жағдай болды: бір үйдің сиыры егіз туды. Ертеректе үлкен кісілер «ірі қара мал егіз туса – жаман ырым» деп, «туған төлді ел көзіне көрсетпей көміп тастау керек» дейтін. Дінімізде, шариғатта мұның үкімі қандай? Мұндай жағдайда не істеу керек? Айдос С., Маңғыстау облысы, Бейнеу кенті.
Айдос мырза, егіз болған төлді жаман ырымға жорымай, Алланың берген ризығы деп білген дұрыс. Егер "бәрібір уызға жарымайды немесе сиырдың сүтіне ортақ болады" десеңіз, көрші-қоланға яки жағдайы нашар жанұяға біреуін тірідей садақа етіңіз. Бұл әрекетіңіз сауап болмаса, күнә емес.Не болмаса, сойып жеңіз.
Ал оны өлтырып, көміп тастау харам. Біріншіден, Исламда себепсіз ешбір тіршілік иесін өлтіру былай тұрсын, жапа шектірудің өзі дұрыс емес. Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у) көтеремге айналған арық бір түйені көргенде: "Шағымдануға тілі жоқ жануарларға жапа шектірмеңдер, Алладан қорықсаңдаршы..." - кейіген екен. Бірде Пайғамбарымыз бір кісінің шарбағында тұрған түйеге көзі түседі. Пайғамбарымызды көрген әлгі түйе жалыңысты үн шығарып, екі көзінен дас аға бастайды. Түйе жақындап келіп, Пайғамбарымыз жануардың құлақ шекесінен сипалап, түйе тынышталады. Содан Пайамбарымыз: "Пайғамбарымыз: "Мына түйенің иесі кім?", – деп сұрайды. Сонда бір жас жігіт: "Иесі мен, уа Алланың Расулы", – дейді. "Мына түйені саған мүлік етіп берген Алладан қорықпайсың ба?! ""Жем-шөбін бермей болдырғанша жұмысқа салады" деп шағымданып жатыр ғой!", – деп Пайғамбарымыз (с.а.у.) ескерту жасаған екен.
Екіншіден, бұзауды құрдан-құр өлтіріп, әлгіндей етін рәсуа ету - ысырап. Алла Тағала Құран Кәрімде: "Жеңдер, ішіңдер. Бірақ, ысырап етпеңдер", - деп бұйырады.
03 сәуір 2018 ж. 9 649 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 69

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 64

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930