Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытай ғалымдары омикронға қарсы антидене синтездеп шығарды

Қытай ғалымдары омикронға қарсы антидене синтездеп шығарды

Қытайдың Фудан университетінің ғалымдары омикрон штамын және коронавирус инфекциясының басқа мутацияларын бейтараптандыратын антиденелердің жаңа түрін синтездеп шығарды, - деп хабарлайды  South China Morning Post.
Басылым мәліметінше, антиденелер адамның иммун жүйесінен шығатын басқа екі антидене компоненттерінен синтезделген. Зерттеу мақсаты басқа жұқпалы аурумен күресу жолдарын іздеу болған, бірақ сынақ нәтижесінде жасалған антиденелер омикрон штамына төтеп бере алатынын көрсеткен.
Қытайлық зерттеу тобы және Гуанчжоудағы ұлттық тыныс алу аурулары клиникалық зерттеу орталығының мамандары жаңа әдісті қолдана отырып, қысқа уақыт ішінде сегіз түрлі антидене жасады.
Университеттің жетекші ғылыми қызметкері Хуан Цзинхенің айтуынша, дәл осындай антиденелер болашақта пайда болатын коронавирус мутацияларына қарсы тиімді құрал болады.
"Әлемде омикрон штамын жоятын антиденелер өте аз. Құдайдың рақымы түскендей сезінемін", - деп мойындады ол.
Бұл антиденелердің сегізі омикрон және вирустың басқа түрлеріне әсер етуі мүмкін. Сәтсіз сынақтардан кейін ғалымдар 10 жасанды антидене алды, олардың мөлшері табиғи шыққан антидененің мөлшерінен 10 пайызға артық.
"Компоненттер түрлі табиғи антиденелерге жататынына қарамастан, жою процесінде бірлескен рөл атқарады", - делінген мақалада.

Биспецификалы антиденелер дельта, SARS-CoV-2 және басқа да коронавирус штамдарын бейтараптандыруы мүмкін. Зерттеушілердің пікірінше, сынақ нәтижелері жаңа антиденелердің болашақта жаңа мутациялармен күресуде әлеуеті жоғары екенін көрсеткен.
03 ақпан 2022 ж. 684 0

КӨПКЕ ҮЛГІ АРДАГЕР

08 сәуір 2025 ж. 31

ӘЛЕМ ӘБІГЕР ҮСТІНДЕ

08 сәуір 2025 ж. 32

Не үшін кітап оқу керек?

07 сәуір 2025 ж. 127

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930